Әлеумет

Ұлыстың ұлы күні - Наурызға 5 күн қалды

Ұлыстың ұлы күні - Наурызға 5 күн қалды

Көрісу – наурыз айында адамдардың бір-бірін жасымен, жаңа жылымен құттықтап, амандасып, өзара қауышуы. Бұл дәстүр негізінен еліміздің батыс өңірінде сақталған. Көрісу кейбір өңірлерде наурыз айының 15-інде басталады. Осы күннен бастап жасы кішілері үлкен үйден немесе үлкендері бар үйден бастап сәлем бере кіріп, тілектер айтады. Үлкен кісіге сәлем бере барғанда жастарға үйден дәм ауыз тигізу міндет саналады. Үлкендерге деп әрқайсысы сый кәдесін ала келеді. Жасы үлкендер өзінен кішілерге ұсақ кәдесыйлар тарту етеді.