АНАЛАРДАН АҚ БАТА
АНАЛАРДАН АҚ БАТА
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығына қарасты Аналар кеңесі кезектен тыс Президент сайлауына бір кісідей қатысады. Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап, мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына, ана мен баланы аялауға қыруар қаржы бөлінуде. Мемлекет қамқорлығының көрінісі ретінде туу көрсеткішінің соңғы он жылда 25 пайызға артқанын айтсақ та болады. Бұл дегеніміз, жылына орта есеппен елімізде 400 мың сәби дүние есігін ашады деген сөз. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде әйелдердің әлеуметтік қамсыздандырылуы мәселесіне де назар аударылып, оларға тек қаржылай ғана емес, түрлі жеңілдіктер мен қолдаулар көрсетілуде. Атап өткен жөн, біз көптеген көрсеткіштер бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орындамыз. Бізге, Қазақстанның аналарына ең басты құндылық – әйелдерге, ана мен балаға деген қамқорлықты сезініп, тыныштық пен ынтымақта ұрпақ өсіру болып табылады. Біз облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшелері Президент сайлауына бір кісідей қатысамыз. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі