Электр қуаты мен газ бағалары арзандатылды
Электр қуаты мен газ бағалары арзандатылды
2015 жылдың 1 ақпанынан бастап облыс бойынша электр энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетілді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 12-05/5394 хатына сәйкес, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр энергиясының босату бағасы 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 кВт/сағатқа ҚҚС-сыз 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге дейін төмендегендігі туралы хабарлады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаментімен жүргізілген сараптаманың қорытындысымен 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшектеп сату қызметтері бойынша тарифтері төмендетілді. Осыған орай, электр энергиясына арналған орташа босату тарифі 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-мен 17,96 теңгені құрады, қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 7 тиынға немесе 0,39 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға арналған электр энергиясының орташа босату тарифінің төмендеуі 13 тиын немесе 0,96 пайызды құрады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 7 ақпаннан бастап, облыста Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығына сәйкес, ішкі нарықта сұйытылған газдың өткізу бағасының шекті деңгейі төмендетілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаментімен жүргізілген сараптаманың қорытындысымен 2015 жылдың 7 ақпанынан бастап «Бейбарыс газ» ЖШС-нің сұйытылған газдың көтерме бағасы ҚҚС-сыз 1 килограмм үшін 18,22 теңгені құрап, қолданыстағы бағамен салыстырғанда 57,72 теңгеге немесе 76,01 пайызға төмендетілді. Бөлшектеп сату бағасы ҚҚС-сыз 1 килограмм үшін 76,18 теңгені құрады, қолданыстағы бағамен салыстырғанда 62,28 теңгеге немесе 43,11 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар, «Ауа Жай» ЖШС-ның Шу ауданы бойынша филиалының бөлшектеп сату бағасы ҚҚС-сыз 1 килограмы үшін 67,74 теңгені құрады, ол қолданыстағы бағамен салыстырғанда 65,76 теңгеге немесе 49,26 пайызға төмендетілді.
Бауыржан КӨРПЕБАЕВ, облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы.