ІТ жаңалықтар
ІТ жаңалықтар
Жапондық компаниялардың сайттарында 5 G жылдамдықты интернет тек 2020 жылы ғана қолданысқа енгізіледі деген мәліметтер тарауда. 5 G-дің тек бес жылдан кейін кешеуілдетіп келу себебі аталмыш технологияның мобильді құрылғыларға арналған сертификатының жоқтығымен түсіндірілуде. Жапондық тағы бір ірі компания 2020 жылы осы технология қазіргіден 100 есеге дейін интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді деп сендіруде. Сондай-ақ, «Samsung» компаниясы бес жылдан кейін секундына 1 ГБ-қа дейін байланыс жылдамдығын көбейтеді деп мәлімдеуде. Ал әлем халқы бұл уақытта 4G технологиясының кереметтеріне әлі де тамсануда. Смартфон енді 30 секундта қуатталады Израильдік StoreDot компаниясы жылдам қуатталатын батарея жасап шығарды. Жаңа технология мобильді телефондардың бірнеше секундта, ал электромобильдердің бірнеше минутта қуатталуына мүмкіндік береді. Батарея нанотехнологияның көмегімен жасалған. Тәжірибе жүзінде тестілеуден өткізуге арналған батареяның прототипі әзірге смартфондарда қолдануға үлкендік етеді. Бірақ компания инженерлерінің айтуынша, батарея 2016 жылға қарай смартфонға бейімделетін болады. Қуаттауға кететін уақыты небәрі – 30 секунд. Батареяның құрылымында бар нанонүктелер қуатты кішірейтіп жинауды қамтамасыз етеді. Және оның көлемі де кішкене болады. Қазіргі кезде StoreDot 48 млн. $ көлемінде инвестиция жинақтай алған. Енді компания инженерлеріне батареяның көлемін кішірейту үшін біршама уақыт қажет. BMW автомобилін смарт-көзілдірік арқылы басқаруға болады BMW автомобиль концерні өз көліктерін смарт-сағаттың көмегімен басқару мүмкіндігін жасаған болатын. Енді неміс автоөндірушісі жуырда смарт-көзілдірікті көлікке бейімдемек. Тұтынушы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен көлікті автотұраққа қоя алады. Құрылғыда смарт технологияның соңғы жетістіктері қолданылмақ. Айта кетсек, көлік жүргізушілері виртуалды көріністі қосу арқылы автомобилінің ішкі құрылыстарын ашпай-ақ көре алады. Сонымен қатар, көлікті артқа айдау кезінде смарт-көзілдірікке қосылған камералар көліктің айналасындағы толық көрініспен қамтамасыз етеді. BMW көзілдіріктері тек автоконцерндерінің арасында бәсекелестікке түсіп қана қоймай, Google және Microsoft сынды компаниялардың өнімдерімен бақталаспақ. Financial Times берген ақпаратына сүйенер болсақ, аталған құрылғы BMW компаниясының силиконды аймақтағы ғылыми зертханасында дамытылып жатыр. Инсайдерлердің айтуынша, BMW жаңа қосалқы өнімін ағымдағы жылдың сәуір айында таныстыруды жоспарлаған. Ресми анонс Қытайдың Шанхай қаласындағы компанияның негізгі автосалонында өтеді. FACEBOOK қолданушылары ESET антивирусын тегін пайдалана алады Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі – Facebook өз қолданушыларына ESET компаниясының технологиясын вирусты іздеу үшін тегін қолдануды ұсынып отыр. Facebook әлеуметтік желісі бар құрылғыларда вирус байқалса, қолданушы құрылғыны сканерлеу туралы ақпарат алады. Жүйе аппаратты вирустардан Facebook-тан шықпай-ақ құтылуға мүмкіндік береді. Facebook өкілдері мамыр айында ақпарат қауіпсіздігіне жауап беретін F-Secure мен Trend өкілдерімен серіктесіп, осы арқылы олар қолданушыны сыртқы зиянды, жағымсыз күштерден қорғап отырмақ ойлары бар. 2018 жылға дейін елімізде барлық аудан орталықтары 4G қызметімен қамтылады 2012-2013 жылдары еліміздегі алты облыс LTE желісімен қамтылған. Қалған 8 әкімшілік орталықта пилоттық-коммерциялық аймақ қосылған. Былтыр Түркістан және Кентау қалаларында 4G қызметі қосылғаннан кейін 50 мыңнан аса тұрғыны бар қалаларды LTE желісімен қамту мерзімінен бұрын аяқталған. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметіне Қазақстанның барлық аудан орталықтарын қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 4G қызметімен жалпы тұрғындарының саны 10,6 млн. адам болатын 200 елді мекен қамтамасыз етілген. Бұл ел халқының 62 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан аса базалық стансаларды іске қосу жоспарланып отыр. 2017 жылға дейін тағы да 142 аудан орталығын қамту көзделген. IPHONE 7 дисплейі тағы да үлкейеді iPhone 7 алдыңғы нұсқаға қарағанда үлкендеу дисплейге ие болады. Ғаламтор ақпараттарына сенер болсақ, жаңа iPhone-нан бармақ ізін анықтайтын негізгі батырма мүлдем жоғалады. Алдыңғы панелінде интерфейс бағыттамалары толығымен өзгереді. Сонымен қатар, Apple смартфондарының келесі нұсқаларының экраны Gorilla glass айнасынан да бекем жақұттан жасалынуы мүмкін. Ал оның корпусы «сұйық металмен» қапталады. Себебі iPhone 6 тұтынушылары смартфонның майысқақ болғанын алға тартып, шағым түсірген болатын. Көптен бері iPhone модельдері 8 мегапиксельді камерамен шектеліп келген. Енді келесі нұсқаның жобасында сапасын 14 мегапиксельге дейін көтеру көзделген. Одан бөлек, құрылғы қосалқы проекторға ие болады. IPhone 7 төрт ядролы процессорге ие болып, жедел жадысы 256 Гб-қа дейін өседі. Энергия үнемдеу технологиясының дамуына қарай, жұмыс жасау уақыты да арта түспек. Мұндайды да білген жөн. Виджет деген не? Виджет – бұл сайттар мен блогтарға қосымша міндетті қызмет қосатын, кішігірім скрипт-бағдарламалар. Виджет ағылшыншадан аударғанда безендіру, әсемдеу дегенді білдіреді. Компьютер, ұялы телефон интерфейсіне, браузерге, сайтқа қатысты термин. Графикалық интерфейстің бағдарламасы немесе элементі. Жұмыс үстелінде қолданылатын графикалық модульдер. Мысалы компьютеріңіз интернетке қосылып тұрса, сіз виджет арқылы өз аймағыңыздың ауа райын бақылап отырсаңыз болады. Жалпы орыс википедиясында оның 13 түрлі мағынасы бар.