Әлеумет

Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде Әулиеата өңірінде 14 пен 29 жас ара­лы­ғында 282 816 жас тұрады. Бұл – облыс халқының 26 пайызы. Өткен жылы жергілікті жердегі «Жастар орталықтарындағы» штат саны 156-дан 250-ге өсті. «Жасыл ел» бастамасын өңірде дамыту мен насихаттауға былтыр облыстық бюджеттен 12,2 миллион теңге бөлініп, Тараз қаласы мен аудандарда 300 жасты уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік туды. Ал республикалық бюджеттен қарастырылған қаражатқа 930 жас уақытша жұмыспен қамтылды. Былтыр облыс әкімдігі жас­тар саясаты мәселелері басқар­масының ресми сайты 25 мыңға жуық интернет пайдала­нушыларға қызмет көрсетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жастар қолымен 15401 қылмыс жасалған. 2013 жылдың 12 айымен салыс­тырғанда осы санаттағы қыл­мыс саны 460-қа азайып отыр.