Ең бай жас спортшы
Ең бай жас спортшы
Жұрттың тиын-тебенін есептеп жүретін Forbes журналы жуырда 26 жасқа толмаған, бірақ, әлемнің ең бай жас спортшыларының тізімін жариялапты. Журналдың тізімі бойынша жас әрі бай спортшылардың көшін Мадридтің «Реал» клубы мен Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл бастап тұр. 25 жастағы валиялық футболшының жалпы табысын журнал 36,4 миллион доллар деп жазады. Оның 25,4 миллион долларын Гарет «Корольдік клубтан» жалақы ретінде алып тұрса, 11 миллион долларын жеке демеушілерінен немесе жарнамалық роликтерден табады екен. Бэйл бүгінде спорттық киімдерді өндіретін Adidas, минеральды сусындар өндіретін Lucozade компанияларымен ұзақ мерзімге келісімге келген.