Құқық

Мал ұрлығы ашылуда

Мал ұрлығы ашылуда

Талас ауданының ішкі істер бөлімінің криминалды полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде Қаратау қаласының тұрғынына тиесілі 3 қойдың ұрлануы бойынша 1990 жылы туылған Д. есімді жергілікті тұрғын ұсталды. Заттай деректер алынды. Меркілік сақшылар да 30 жастағы ауыл тұрғынының жылқысын ұрлаған Ойтал ауылының 1990 жылы туылған И. есімді тұрғынын қолға түсірді. Куәгерлер бар. Жылқы иесіне қайтарылды. Сарысу аудандық ішкі істер бөліміне Жаңатас қаласының 1956 жылы туылған А.есімді азаматы 5 ірі қара малының ұрланғаны туралы шағымданған.Бұл орайда 1 миллион теңгеден аса материалдық шығын келтірілген. Полиция қызметкерлері жаңатастық 1993 жылы туылған Н. есімді азаматты ұстады. Үй малы иесіне қайтарылды. Бұдан бөлек Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандарында орын алған мал ұрлықтары да ізі суымай ашылып отыр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық мал ұрлықтары бойынша ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындап, олардан қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».