Құқық

Кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды

Кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды

2015 жылы 17 қаңтардағы «Ақ жол» газетінің №6 санында жарық көрген «Қазаннан қақпақ кетсе...» айдарымен берілген «Алло, үйімізді тонап кетті... Дүкен мен шаштараз есігінде суреттері ілулі тұрған тәртіп сақшылары ұрыларды неге ұстамайды?» атты мақала бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

0 Мақалада көрсетілген ұрлық деректері бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. 2014 жылы «Көктем» алқабында барлығы 22 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 5-еуі ашылған. Қалған «ізін суытпай» ашылмай қалған ұрлықтар бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, яғни оқиға орнынан қылмыс іздері, саусақ іздері мен қылмыскерлер қалдырған иіс үлгілері алынған, із кесетін арнайы иттер пайдаланылған, сол маңда тұратын бұрын ұрлық үшін сотты болғандармен жұмыстар жүргізіліп, қылмысқа қатыстылықтары тексерілген. Қылмыстың куәгерлерін анықтау мақсатында қылмыс орнына жақын орналасқан мекен-жайларда тұратын тұлғалардың барлығынан жауаптар алынған. ІІО-ында есепте тұрған ұрлық жасауға бейім адамдармен жұмыстар жасалынған. Алайда, оның нәтижесі бойынша бұл ұрлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған. Ұрлық қылмыстары жасырын жағдайда орын алатындығын және оны ашу үшін біршама уақыт қажеттілігі туындайтынын ескеріп, ІІД басшылығы аталған алқапта орын алған ұрлық қылмыстарын қатаң бақылауға алып, қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғастырылуда. Тараз қаласы «Көктем» алқабында қазіргі уақытта қылмыстың алдын алу, оны болдырмау, болған қылмыстарды тез арада ашып, оны жасаған тұлғаларды анықтау негізінде, ішкі істер департаментімен патрульдік полиция қызметкерлерінен құрылған тәуліктік топтар қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында кезекшілікке түсу мәселесінің жобасы бекітілуде. Одан бөлек, полиция қызметкерлерінің қала ішінде әр аула мен аумақтарда модульдік жүйемен жұмыс жасау жобасы қаралуда.

Берік Құтбаев, облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі.