Саясат

Қаулы қабылданды

Қаулы қабылданды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Пре­зиденттігіне кандидат Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың Қа­зақ­­стан Республикасының Консти­ту­циясында және «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау ту­ралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Дәл осы күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді. Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес, Қазақстан Респуб­ликасының Президенттігіне кан­дидатты қолдайтын сайлау­шылардың рас қолдарының саны кемінде 93 мың 012 қолды құ­райды. Президенттікке кандидат­ты қолдап қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар жүзеге асы­рады. Қолдарды жинайтын топтар­дың саны мен құрамына шек қой­ылмайды. Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақ­­тары аумақтық сайлау комис­сия­ларына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қыз­метінің қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендігін тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды. Қолдардың шын екенін тексеру Президенттікке кандидатқа қажетті санда рас қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, азаматтардың 93 мың 012 қолының шын екені расталған кезде қалған қолдарды тексеру жүргізілмейді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.