Күннен қуат алатын ұшақ
Күннен қуат алатын ұшақ
Күн сәулесінен қуат алатын ұшақ кептердің жылдамдығындай жылдамдықпен ұшуға қабілетті. Аталған ұшақ тәулік бойы тоқтаусыз көкте қалықтай алады. SolarImpulse 2 – моторы күн сәулесінен қуат алатын батареямен жұмыс істейтін алғашқы ұшақ. Тынық мұхитын қоса алғанда, 5 күннің ішінде әлемді шарлап шығуға болады. Шамамен 35 000 шақырым қашықтықта бар-жоғы 12 рет қонады. «Біз экологиялық жағынан таза технология және таусылмайтын энергия көзі арқылы адам ойына келмеген жетістікке қол жеткізуге болатынын көрсеткіміз келді», – деді SolarImpulse төрағасы швейцариялық Бертран Пикар. Бұл ұшақ қаңтар айының соңында жұртшылықтың назарына ұсынылды. Ал саяхатты енді бастамақ. Ұшақпен Үндістан, Мьянма, Қытай және Тынық мұхитының, сондай-ақ, АҚШ-тың, Еуропаның оңтүстік бөлігінің үстінен ұшып өту жоспарланыпты.