Жапония банкінде роботтар қызмет көрсетпек
Жапония банкінде роботтар қызмет көрсетпек
Жапонияның The Bank of Tokyo банкінде адам тәріздес роботтар халыққа қызмет көрсететін болады. NAO андроидтарының үш саусағы бар. Оларды француздық Aldebaran Robotics SA жасап шығарған. Бойлары – 58 сантиметр, салмағы – 5,4 килограмм. Олар банкке келушілердің сауалдарына жауап беріп, 19 тілде сөйлесе алады. Сонымен қатар, адамның көңіл-күйін анықтайтын да мүмкіндіктері бар. «Мен сіздің валютаңызды алмастыруға немесе ақшаңызды шетелге жіберуге, банктен есепшот ашуға, банкомат жұмысын түсіндіруге көмектесе аламын», – дейді робот алғаш келген клиентке. Алғашқы роботтар жұмысқа ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап шығады.