Екі басы, үш құлағы бар бұзау
Екі басы, үш құлағы бар бұзау
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле облысы Нылқы ауданында тұратын Ерлан есімді азаматтың үйінде екі басы, үш құлағы бар бұзау төлдеді. Ерланның айтуынша, сиыр төлдейтін уақыты келсе де үш күн төлдей алмай қиналып жүрген. «Басында біз малды ауырып қалды ма деп ойладық, бірақ, қандай да бір аурудың белгісін таппадық. Туу барысында мал қатты қиналып, өлуге жақындаған соң, бауыздап алдық. Сойғанда әлгіндей жағдайды көріп жағамызды ұстадық. Сиырдың ішін жарғанда екі басы, үш құлағы бар бұзау шықты», – деді малдың иесі.