Мақсаты бар адамдарда жүрек ауруы сирек кездеседі
Мақсаты бар адамдарда жүрек ауруы сирек кездеседі
Ғалымдар өмірлік мақсаты бар адамдар жүрек ауруына аз шалдығады деген қорытындыға келді. Бұл деректер келтірілген баяндама Балтиморда өткен конференцияда оқылды. Зерттеуге 137 мың адам қатысқан. Ғалымдар олардың тек денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, психологиялық жағдайына да мән берген. Анықталғандай, өмірде мақсаты бар, немерелерінің күтіміне жауапты қариялардың басқа замандастарына қарағанда жүрек қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі 23 пайыз төмен болған. Мұнымен қоса, осындай өмірлік мақсаты бар адамдардың түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі 19 пайызға аз болады екен.