Ел жаңалықтары

Біздің «чипіміз» құймышақта ма?

Біздің «чипіміз» құймышақта ма?

Адамның құймышақтан түзілетінін түсіну үшін әуелі эмбрио­логиялық даму кезеңіне үңілу керек. Даму барысында барлық органның негізі болған «алғашқы ұрық жолағы» мен «алғашқы түйін» кейіннен ең соңғы омыртқаға қарай тартылып, одан құймышақ қалыптасады. Былайша айтқанда, қалыптасып жатқан адам жайындағы барлық ақпараттар ең соңында «чипке» айналып құймышаққа орнатылады деуге болады. Пайғамбарымыздың «адам құймышақтан жаратылған» деуінің сыры да осында болса керек. Ғалымдар құймышақтың шірімейтіндігін дәлелдеген. Йемен зерттеушілері Осман әл-Жейлани мен шейх Абдуль-Мәжид Аззандани 2003 жылы құймышаққа бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар қызып тұрған отқа құймышақты 10 минут бойы ұстап тұрған. Қызған отта қақталып тұрған құймышақтың түсі бастапқыда қызарып, кейін қарая түскен. Содан кейін күйген құймышақтың қалдықтарын жинап, стерильді колбаға салып, Йеменнің ең атақты Сана қаласындағы Аль-Аулаки зертханасына әкеледі. Сана университетінің гисталогия және патология профессоры Салих аль-Аулаки қалған ұлпаны зерттеп, лаулаған оттың құймышақтың жасушасына еш әсер етпегенін байқайды. Яғни, газдың отына май жасушасы мен жілік майы ғана жанған, ал құймышақтың жасушалары еш залал көрмеген, тіршілігін жоймаған. Бұған ұқсас зерттеуді қытайлық ғалымдар да жасаған. Олар құймышақты қуатты радиоактивті сәуленің астында ұстаған. Сосын химиялық күшті қышқылдарға салып көрген. Нәтижесінде адамның құймышағын түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес деген қорытындыға келген. Ағылшын микробиолог-ғалымдарының да тәжірибелері осыны көрсеткен. Олар адам мәйітін 6000 градустық отта өрттеп, -286 градус суыққа қойып көрген. Алайда, бәрібір құймышақтағы тіршіліктің белгілерін жою мүмкін болмаған. Айша АРМАНҚЫЗЫ.