Жаңалықтар

Басына кесе қойып билеген бүлдіршін жұртты таңқалдырды (видео)

Басына кесе қойып билеген бүлдіршін жұртты таңқалдырды (видео)

Басына кесе қойып билеген 3 жасар бүлдіршін ғаламторды шулатты деп хабарлайды Алматы арнасы.

Жұртты таңқалдырған кішкентай бала, әлеуметтік желі қолданушыларының көзайымына айналған.

Мына бейнежазбада, әлгі бала басына 3 шыныаяқ қойып, әуенге елітіп билеп жүр. Куәгерлердің айтуынша, ол ыдысты сындырмақ түгілі, дыбысын да шығармапты.

Бірнеше күнде осы жазбаны мыңдаған адам тамашалап үлгерген.

Ақпарат көзі nur.kz