Аналық ақ тілегім
Аналық ақ тілегім
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуінде «Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ» деп өте дұрыс айтты. Әйел-анаға одан артық қандай бақыт, береке болуы мүмкін? Бетін әрі етсін, әлемнің әр түкпірінде қарулы қақтығыстардан қаншама ана ұлынан, баласы анасынан ажырап, зар жылап жатыр. Шынында да әке-шешелеріміз мұндай «Алтын ғасыр» еш уақытта болған жоқ деп айтып отыр. Міне, осының барлығы біздің Елбасының дана басшылығының арқасында ғана мүмкін болып отыр. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының: « Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусаннан жұпар иіс жоқ» деген сөзіне қалай тебіренбейсің? Туған жерін, туған елін бұдан артық сүюдің қандай үлгісі бар. Ол – бүкіл қазақстандықтың айтар сөзі, мақтан ететін уәжі. Мен қарапайым ғана жұмысшымын. Сарысу аудандық «Сарысу» газетінде еңбек етемін. Жұмысыма ризамын. Және де балаларымның болашағына да еш алаңдамаймын. Өйткені, елін бақытты өмірге бастап келе жатқан Елбасымыз бар. Ұлы тұлғаның ҚР Президенттігіне қайта сайлауға түскенін естіп аналық ақ жүрегіммен қуандым.
Анар Оңдыбаева, «Күміс алқа» иегері.
Жаңатас қаласы.