Саясат

Еліміздің жарқын болашағы үшін

Еліміздің жарқын болашағы үшін

Базбіреулер менің қазақ тілінде еркін сөйлейтініме таңданады. Ал мен олардың мұнысына таң боламын. Қалайша өз еліңнің мемлекеттік тілін білмеуге болады? Менің кіндік қаным тамған жерім Қазақст»ан болса ше? Қордайда мектеп бітіріп, Таразда университет тәмамдадым. Орыс тілі пәнінің маманымын, бірақ, қазақ тілін де өз ана тілімнен кем білмеймін. Бала жастан қазақ балаларымен бір көшеде тұрып, бірге ойнап өстік, қазақтан дос құрбыларым да көп. Мен өз елімнің тәуелсіздігімен түйдей құрдаспын. Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келе жатқандықтан, оның әрбір шыққан белесін өз жетістігімдей көремін. Жақсылығына қуанып, болашағына үлкен үміт артамын. Биылғы жыл біздің Отанымыз үшін тарихи жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы. Міне осындай қат-қабат айтулы даталармен қатар, алдағы 26 сәуірге президенттік сайлау тағайындалып отыр. Халқымыздың таңдауы тағы да қазіргі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа түскенін қалаймыз. Өйткені оның басшылығымен көпұлтты елімізде этносаяси, рухани-саяси және ұлттық реформалардың дұрыс жүргізілуі нәтижесінде қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстан халқының беделін арттырды. Осындай жетістігіміз бүгінде идеологиялық бренд ретінде орнығып, бүкіл әлемге бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің «Назарбаевтық моделі» деген атпен белгілі болды. Сондықтан, ҚХА-ның Н.Назарбаевты президенттік сайлауға қатысуға шақыруын қолдай отырып, аудан жастары атынан еліміздің бағындыратын биіктері мен алатын асулары оның бастауымен болашақта да жалғасын табатынына сенім білдіремін.

Людмила Шенбергер, Ломоносов атындағы мектептің мұғалімі.

Қордай ауданы.