Мәдениет

ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛ СОҚҚАНЫН КӨРДІМ

ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛ СОҚҚАНЫН КӨРДІМ

13Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Фильмде атасынан қалған азды-көптi мұрасын сатуға келген жiгiттiң iшкi дүниесiндегi арпалыс көрсетiлiп, оның танымы өзгерiп, ақыр соңында атажұртқа оралу керек дейтiн ұғымға жетуi бұл диалектикалық тұрғыдан нанымды, сенiмдi болған және тура сол «Мен бұл ферманы сатпаймын» деген кезiнде залдағы балалардың қол соққанын аңғардым. Демек, қазiр рухани кеңiстiгiмiзде Отаныңа, атажұртыңа қайтып оралу, сол арқылы қазақтың бүгiнгi тұтастығын, қазақ елiнiң мәңгiлiгiн қамтамасыз ететiн атрибуттар жасауға болады дейтiн үлкен астарлы идеяларды жүзеге асырған және жаңа заманның өрнектеу, кейiптеу, тәсiлдеу жолдарын шебер игерген режиссураның әдемi орындалғанының куәсi болдық.