Әлеумет

Ананың жүрегі - әлемнің тірегі

Ананың жүрегі - әлемнің тірегі

Облыс әкімі К. Н. Көкірекбаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қай қоғамда болсын әйелдер қауымының алар орны айрықша. Өйткені жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды.«Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» дегендей, аналар алмайтын шың, бағындырмайтын асу жоқ. Адамзаттың бас иіп, тағзым етер тәңірі де – ана. Оның ұлылығы мен қадір-қасиетіне жетер ештеңе жоқ.Бүгінгі әйел азаматтарының білім-білігі кемел, парасаттылығы биік, мәдениеті өскен, саяси-әлеуметтік белсенділігі жоғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бастап мемлекеттік саясатқа дейінгі қоғамдық өмірдің барлық құрылымында әйелдер араласпайтын сала жоқ. Егемен еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінің барлығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз әрқашан мақтан тұтамыз.Бүгінде ана мен баланы әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын сәбиді күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмек түрлері көбейіп келеді. Елімізде алтын құрсақты аналар жағдайын жақсартудың барлық шаралары жасалуда.Ана мен баланың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің тыныштығын нығайту міндеттері мемлекет басшысының әрбір Жолдауында нақты көрініс табуда.Біздің облысымызда да ана мен баланы қорғауға, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге, құрамының басым бөлігін қыз-келіншектер құрайтын орта және шағын бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген несие беруге бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асырылуда.Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.Қымбатты аналар, аяулы арулар!Баршаңызды осы бір тамаша көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Ана қуанышы, әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңілдеріңіз аспандай ашық болсын.