Әлеумет

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Облыстық мәслихат хатшысының өкімімен көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің басшысы Парида Сағымбекқызы Байназарова; «Мейрамхана бизнесі» директоры, Тараз қалалық мәслихатының №13 сайлау округінің депутаты Жанар Қасымбайқызы Бүркітбаева; Сұрат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Өсеркүл Жақсылыққызы Құралбаева; зейнеткер Шырын Мамасерікова; Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Жанылсын Жұмашқызы Сүндетова Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.