Әлеумет

Мерекелеріңізбен, аяулы аналар мен асыл арулар!

Мерекелеріңізбен, аяулы аналар мен асыл арулар!

Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктем шуағын ілестіре келген төл мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздер – жаңарған тіршілік пен көктемгі сұлулықты, әдемілік пен әсемдікті, ізгілік пен мейірімді жүрегіне жинаған аяулы жансыздар. Сондықтан Сіздердің мерекелеріңіз – барша жұрт үшін аса қастерлі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады. Бүгінде «нұротандықтардың» басым бөлігін нәзік жандылар құрайды және құрап қана қоймай, басқару үдерісінде де шешуші рөл атқаруда, еліміздің дамуына, мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарына айтарлықтай үлес қосып отыр. Бұл Елбасы мен жалпы қоғамның әйелдер қауымына деген үлкен сенімі мен құрметін білдіреді. Ұрпағымызға өмір сыйлап, бақыттың бастауы, берекенің ұйытқысы ең асыл да, аяулы жандарды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, осынау мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің құттықтауы.