Саясат

Біздің таңдау – ұлт көшбасшысы

Біздің таңдау – ұлт көшбасшысы

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біздің еңбек ұжымы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы Сіздің шешіміңізді қолдайды және орынды деп санайды. Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында біздің кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көп көмегі тиген Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Сіздің рұқсат етуіңізбен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір аясында 2004 жылдың шілде айында бағалы металдарды сілтіден айыру мақсатында қолданылатын шын мәніндегі жаңа өнім – натрий цианиді өндірісі бастау алды. Сондықтан, біз кәсіпорнымыздың мемлекетпен және Сізбен, біздің Президентімізбен бірге өскенін қалаймыз. Бізге қазір Сіздің тікелей қадағалауыңыздағы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бір арнаға күш біріктіре ұйысқанымыз аса маңызды. Ал бұл – өз кезегінде жұмыс орындарын сақтау, білікті мамандарды, әсіресе жұмысшы мамандықтарды дайындау, бәсекеге қабілетті өнім беру деген сөз. Біз мұның бәрін өзіміздің Елбасымен бірге ғана жүзеге асыра аламыз. Татулық, келісім, тұрақтылық және Қазақстанның әрі қарай өркендеуі – осының бәрі біз үшін аса қымбат. Бізге қазір таяу жылдары тұрақты жұмыс істейтінімізге сенімді болу маңызды. Мұндай сенімділікті бізге Сіз бересіз. Бұл тарихи сәтте біз дұрыс таңдау жасадық. Біздің таңдау – Ұлт көшбасшысы, біздің Елбасы. Сол себепті, біз Сізден мерзімінен бұрын өткелі тұрған Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына түсуіңізді сұраймыз.

Үндеу «Талас Инвест Компани» ЖШС еңбек ұжымының жиналысында қабылданды.