Саясат

Жастар Елбасына сенеді

Жастар Елбасына сенеді

28Бағлан Сұлтанбек, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Елбасының ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауды өткізу жөніндегі Жарлығын Талас ауданының жастары бірауыздан қолдап, қуаттады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел дамуына қосқан үлесі зор. Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жастар тарапынан зор қолдауға ие болып отыр. Елбасымыздың өз Жолдауымен жастарды жігерлендіруі жүректерге сенім ұялатады. Бағытымызды белгілеген бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын. Азаттық жолында сан ғасырлар аттан түспей, күреспен өткен ұлы бабалардың аңсаған арманы бүгінде орындалуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елін әлемдегі іргелі мемлекеттердің қатарына қосып, шекарамызды шегендеп берді. Бүгінде республикамыздың өзге елдермен терезесі тең өркениетті мемлекетке айналуын бүкіл әлем Елбасының есімімен тікелей байланыста қабылдайды. Ынтымақ, достықты ұран қылып, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Ендеше, еліміздің тәуелсіздік тұғыры берік болып, еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей. Алдағы кезеңде де еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен көркейіп, гүлдене беретініне сеніміміз кәміл! Біз жастар сайлауға салиқалы саясаткер, Ұлт көшбасшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түскенін қалап отырмыз. Тарихи таңдаудың да дұрысы осы деп білеміз.

Талас ауданы.