Облыста тіркелген экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың облыс тұрғындарына ҮНДЕУІ
Облыста тіркелген экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың облыс тұрғындарына ҮНДЕУІ
Құрметті облыс тұрғындары! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық құжатында «Қазақстан – 2030» жылы гүлденген, жасыл желекке оранған, мөп-мөлдір бұлақты елге айналуы тиіс» деп атап өткені белгілі. Осыған орай, мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасы қабылданып, оның аясында біршама табысты жұмыстар жүргізіліп келеді. Біз туған өлкемізді әлі де гүлдендіре беруіміз қажет. Облыста тіркелген экономикалық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып, экологиялық қана емес, басқа да бағыттағы үкіметтік емес ұйымдарға, әрбір елді мекендегі білім ұяларына, ауыл тұрғындарына Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, 550 түп ағаш көшетін егуге үндеу жолдап отырмыз. Көктемгі абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстарының қарсаңында қолға алынып жатқан бұл игілікті іске үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, білім мекемелерінің басшылары, округ әкімдері, іскер азаматтар, ірі шаруа қожалықтардың жетекшілері белсене үлес қосады деген сенімдеміз. Еліміздің гүлденіп, әсем табиғат аясында таза ауамен тыныстауымыз үшін бәріміз бір кісідей атсалысайық, ағайын!
Н. Рахишева, «Ақ бұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Д. Ахметова, «Жан дауа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Б. Алигулов, «Шу табиғаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.