Спорт және туризм

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Суперкубогы матчын көруге келді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Суперкубогы матчын көруге келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" және "Қайрат" командалары арасындағы ел Суперкубогына арналған матчты тамашалап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футбол кездесуі "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр. Негізгі ойыннан кейін есеп ашылған жоқ - 0:0. Порталдың мәліметінше, екі команда да бір-бірінің қақпасына гол салу мүмкіндігіне бірнеше рет ие болды, бірақ ол іске аспады.

Ойынды "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Матч Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де басталды. Кездесуге әлемнің ең бай арбитрі Йонас Эрикссон бастаған швед бригадасы төрелік етіп жатыр. Эрикссон Бразилиядағы әлем чемпионаты матчтарына, 2012 жылғы Еуропа чемпионаты ойындарына, басқа да халықаралық ойындарға бас төреші болған.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы - Қазақстанның 2014 жылғы чемпионы, ал "Қайрат" - ел чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының иегері.

ақпарат көзі tengrinews.kz