Саясат

Электорат жаңсақ айтпайды

Электорат жаңсақ айтпайды

22Жоламан Абдуллаев, «Қазақстанның патриоттар партиясы» облыстық филиалының төрағасы.

Қазіргідей әлемдік қаржы дағдарысы иектеп тұрған және алпауыт мемлекеттердің қарама-қарсы тұрушылығы бел алған тұста, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің Үндеуін қызу қолдап қостаған еліміздегі саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, шығармашылық бірлестіктердің, Парламент пен Үкіметтің ұстанымдарын, барша қазақстандықтардың еркін және Конституциялық кеңестің қорытынды пікірін ескеріп, өз Жарлығымен Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады және қазақ елі үшін аса маңызды саяси науқанның өтетін күнін белгіледі. Бұл — ел тағдырына қатысты мәселелерді әрдайым көрегендікпен шешіп келген Елбасының осы жолы да сарабдал саясатшы ретінде Қазақстанның келешегіне қарай нық қадам жасағандығын көрсетсе керек. Олай дейтінім, бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтағы АҚШ, Англия, Қытай, Франция, Германия сияқты экономикасы барынша дамыған әлеуетті мемлекеттердің қаржылық-экономикалық жағдайын шайқалтып отырған дағдарысты еңсеріп, республика халқының әлеуметтік мәселелерін дер кезінде шешіп отыру және соған мүмкіндік беретін Республика Президентінің «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру ең әуелі билікті бекемдеуді қажет ететіндігі белгілі. Мемлекет басшысының Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді ағымдағы жылдың 26 сәуіріне белгілеуі еліміздің билік жүйесі алдында тұрған осынау міндеттің үдесінен шығудағы бірден-бір дұрыс іс-шара болып табылатындығы анық. Ал еліміздің қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тіркелінген республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған немесе өзін-өзі ұсынған кандидаттар арасынан Республика Президенттігіне лайық тұлғаны таңдап алу жауапкершілігі ендігі жерде әрине электораттың еншісіне ғана тиесілі. Десек те, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері тек лайықтыларға ғана сенім мандатын тапсырып, сайланбалы органдарға жолдама беріп келген еліміздің сайлау құқығы бар азаматтарының бұл жолы да дұрыс таңдау жасайтындығы сөзсіз. Тараз қаласы.