Денсаулық

таңдау жасайтын тарихи күн

таңдау жасайтын тарихи күн

12Қанат Жылысбаев, ТарМУ-дың студенттік құрылыс жасақтары бойынша үйлестірушісі.

Елімізде президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу жөнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің үндеуі жарияланғаннан кейін мен өзімше ой түйдім. Жалпы, жылдар жылжып, уақыт зулап өте бергенмен, сол дәуірдің тынысын уақыттың қажеттілігі өздігінен туындатып отырады екен. Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге жасалған ұсыныс бастама да осыдан туып отырғаны анық. Көшбасшы таңдау – мемлекеттің тағдырымен сабақтас мәселе. Сондықтан президентікке таңдау жасау – сен өмір сүретін еліңнің тағдырын жасасуға үлес қосу деген сөз. Осы орайда біздің халқымыз сонау тәуелсіздігімізді алған жылдың басында өзінің сенімді таңдауын жасады. Ол сенімі бүгінде толық ақталды десек, артық айтқандық емес. Елбасымыз өзіне үміт артқан халқының алдындағы азаматтық парызын абыроймен атқарып келеді. Мемлекетімізді талай сындардан сындарлы саясатының арқасында алып өтті. Болашаққа қаншама жоспарлар жасады. Оның барлығы біз секілді жастардың келешекте кемел, келісті, бақытты ғұмыры үшін жасалып жатқандығын Елбасымыз ұдайы айтып келеді. Мәңгілік Ел болуды мақсат тұтқан елімізде осы ұлттық идеяны жүзеге асырушы да жастар екендігін атап өтті. Осының барлығын естіп, көріп, сезініп, өзіміз де жастар саясатына белсене араласып жүргендіктен, біз Президентімізді таңдап қойғанбыз деп айтқым келеді. Жүрегі елім деп елжірейтін менің әрбір замандасым осындай ойда десем қателеспеймін. Қысқасы, бірлігіміз бен жарасымды тірлігіміздің жаршысы болып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың көкейіндегісін дөп басты. Нәтижесінде, Елбасы күні кеше ғана халыққа өзінің мазмұнды үндеуін жолдады. Елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізудің күні де белгілі болды. Енді халқымыз жиырма алтыншы сәуір күні елдің тағдырымен сабақтас саяси науқанға бір кісідей атсалысып, өзінің лайықты таңдауын жасайтын болады.