Денсаулық

Бүгін думан, бүгін той...

Бүгін думан, бүгін той...

Күнде думан, күнде той Елімде менің. Берекесі шалқыған Жерімде менің. Құда бала, құдалар, Келші, құдаша! Қыздырайық тойды тамаша. Бүгін думан, бүгін той, Шаттаныңыздар. Ән мен жырды көмейден Ақтарыңыздар. Бүгін үлкен қуаныш, Бүгін мереке, Тойға жетіп осындай Бақ табыңыздар. Шашулары шашылған, Жеңгелерім- ай, Жеңгей келсе, кейін тұр, Өңгелерім-ай. Қысылғанда жанымыз, Арқасүйер-ай, Өздерің ғой қамқоршы, Дем берерім-ай! Бірге ойнап, бірге өскен, Құрбыларым-ай. Тойға біз де тағайық Жыр-тұмарын-ай.

Жаннар МОЛДАБЕКОВ, Д. Қонаев орта мектебінің мұғалімі.

Ойық ауылы, Талас ауданы.