Саясат

Назарбаев – тұрақтылық пен татулықтың кепілі

Назарбаев – тұрақтылық пен татулықтың кепілі

Уақыт көші алдыға жылжыған сайын біз өткенімізге құрмет көрсетіп, келешегімізді бағдарлауымыз керек. Ол дегеніміз – бір жағынан тарихқа тағзым, өткенге құрмет. Болашаққа ізет. Бейбіт ғұмырды бастан кешіп келе жатқан тәуелсіз Қазақстан соңғы жиырма жылдықта толайым табыстарға қол жеткізді. Мәдениетіміздің мәні кірді, сәні артты. Оның бәрі өлшеусіз еңбектің, төккен тердің жемісі мен жеңісі. Иә, тәуелсіздік жылдарында тарихымыз да түгенделді. Бір сөзбен айтқанда біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бекзат, дегдар өнеріміз саналатын театр өнері де дамыды. Қарыштап алдыға жылжыды. Оның бәрі еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың арқасында тындырылған тірлік. Азат елдің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің іскерлігімен, терең ойлылығымен, азаматтық болмысымен еліміздің көшін төрге оздырды. Дамушы елден дамыған елдердің санатына қосылдық. Бар салада тек дамудың оң динамикасы байқалды. Осы дәйекті сөздердің өзі қазіргі алмағайып кезеңде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу керектігін айқындай түседі. Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының ұжымы ҚР Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайтынын білдіреді. Әлемде жаһандық қаржы-экономикалық тұрақсыздық орын алған жағдайда елдің тұтастығы басты қағидалардың бірі. Осы дағдарыстан сүрінбей өту - бәріміздің ортақ міндетіміз. Ассамблея көтерген осы бастаманы қолдауға барлығыңызды шақырамын. Нұрсұлтан Назарбаев – тұрақтылық пен татулықтың кепілі.

Тұңғышбай  әл-Тарази,  Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының төрағасы.

Алматы қаласы.