Саясат

Жасайтын таңдауымыз айқын

Жасайтын таңдауымыз айқын

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Республика Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде бастама көтеріп, барша қазақстандықтарға Үндеу арнауы уақытпен үндескен қадам екенін, бастаманың барлық саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, шығармашылық бірлестіктердің, өкілді органдардың, заңгерлердің және басқа да әлеуметтік топтардың тарапынан толық қолдау табуы айғақтап отыр. Енді міне Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 17-ші ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерінің Конституцияда белгіленген регламентіне ресми түсіндірме беру жөнінде өтініш беріп қайырылуына орай, еліміздің Конституциялық Кеңесі сейсенбі күні нормативтік қаулы қабылдады. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын жекедара тағайындауға толық құқылы екендігі және еліміздің Ата Заңының 41-бабы 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы мерзімінің Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс белгіленуіне болмайтындығы атап көрсетілген. Ендеше, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелерінің бастамасын барша қазақстандықтар да қолдауда, республикамыздың заңнамасы да қуаттауда. Ал халықтың заң аясындағы еркі орындалуы тиіс. Қазіргі жағдайда ғаламда саяси шиеленісті оқиғалардың орын алуына және әлемдік қаржы дағдарысының белең алуына орай, елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық үдерісі қалыпты болуы үшін Республика Президентінің сайлауын биыл өткізу туралы Ассамблея бастамасын маңайына облыстағы 9500-ге жуық өзбек ұлты өкілдерін топтастырып отырған өзбек этномәдени бірлестігі де қолдап қуаттайды. Біз Мемлекет басшысы орынтағынан еліміз тәуелсіздік алғалы бері республикадағы барлық ұлттың тілін дамытуға, тарихын танып білуге, ұлттық салт-дәстүр үрдістерін қалыптастыруға ықпал жасаған және өткен Республика Президенті сайлауында сайлау құқы бар қазақстандықтардың 95,55 пайызы дауыс беріп, президенттік мандатты сеніп тапсырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қайта көргіміз келеді. Әрі Елбасының жұртшылықтың ниет-тілегіне қарай оң шешім қабылдайтындығына сеніміміз мол.

Баһром Муминов, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Тараз қаласы.