Емтиханнан сүрінбей өткен жүргізу куәлігін алады
Емтиханнан сүрінбей өткен жүргізу куәлігін алады
Жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын басқаруға құқық алу үшін емтихан тапсыруға, көлік құралын басқару құқының куәлігін беруге тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтарды, сондай-ақ, келген жеріндегі ішкі істер органдарында тиісті тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтарды жібереді. «А», «В», «С», «Д» категорияларына жататын көлік құралдарын басқару құқының жүргізуші куәлігі, сондай-ақ, трамвайды немесе троллейбусты басқару құқығының жүргізуші куәлігі Жол полициясы бөлімшелерінде теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі. Теориялық емтихан тапсырғанда жол қозғалысы ережелері мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты және оқу бағдарламасында көзделген басқа пәндерден білімі тексеріледі. Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығы қаланың әр нүктесінде бар. Жергілікті тұрғындар алысқа сабылмайды. Кез-келген құжатты сол орталықтан аласың. Сондай құжаттың бірі – жүргізуші куәлігі. Емтиханды тиісті жерде тапсырып өткен соң, дайын куәлікті алу қиындық туғызбайды.
Динара Рсалдиева, Давид Өмірбаев, Тараз қаласы бойынша мамандандырылған ХҚКО инспекторлары.