Жаңалықтар

«Біздің Алмат айтады, ә!?.»

«Біздің Алмат айтады, ә!?.»

Бір күні Жанарбектің үйінен Алмат, Жанарбек үшеуміз түстік ішіп шығып келе жаттық. «Қарақат көзді қарағым, аймалап ескен самалым» әнінің хит болып тұрған кезі. Жәкеңнің үйіндегі Самал жеңешем тамақты «өлтіріп» пісіріпті. Қарын сипап дегендей, көңіліміз жай, жұмыс жаққа беттедік. Жолай Алмат: – Жанарбек, енді сен тамақ ішкен сайын: – «Қарақат көзді қарағым, Ай, маладессің, Самалым!» – деуің керек қой, – деп ішек-сілемізді қатырды. * * * Қайбір жылы Алмат Талғарда тұрып жүрген кезде, жұмыстан қайтып бара жатып ірі жол апатына түсті. Қарсы жолға шыққан көлік пе, әлде Әлекең отырған көлік пе, алдындағы мәшинемен бетпе-бет соқтығысып, Алматтың қолы сынып кетеді. Әлекең қолын салдырды. Бірақ гипстелген қолы тура жүрегінің үстін басып, қыздырып, мазасын қашырып жүрді. Көре қалғанда, «Хал қалай, Алмат?» десек: – Сендер маған дұрыс амандаспай жүрсіңдер! – дейді. – Е, неге? – Сендер «Хал қалай?» деп емес, «Қол қалай?» деп амандасуларың керек, – деп тұр Алмат.

Есей Жеңісұлы.