Саясат

Ұлтаралық татулық – ұлы парыз

Ұлтаралық татулық – ұлы парыз

Сонау бір Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Қызыл империяның қысымымен Қазақстанға күштеп жер аударылған неміс ұлтының өкілдері Сарысу ауданында да жетерлік. Рас, КСРО ыдырап, ел тәуелсіздігін жариялаған соң біраз қандастарымыз атамекеніне бет алды. Алайда Қазақстанды атамекен санаған біздер осы елде қалуды қолай көрдік. Өйткені, Қазақ елі біздің туған Отанымыздай болып кетті. Осында туылдық, осында білім алдық, осында өсіп-өндік. «Сен неміссің, басқа ұлттың өкілісің» деп кеудемізден итеріп, бөлексіткен бір жан жоқ. Әке-шешелеріміз соғыстың сұрапыл жылдарында өздері ішер тамаққа, киер киімге жарымай отырғанына қарамастан жергілікті халықтың құшақ жая қарсы алып, аузындағыларын жырып бергендерін жыр етіп айтып отырушы еді. Тіпті Германияға қоныс аударған қандастарымыз сағыныштарын айтып, хабарласып тұрады. Араларында Қазақ еліне қайтып атбасын бұрамын деушілер де жоқ емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан–Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы тынымсыз еңбегін ол жақтағылар мақтан етіп отырады. Сарысу ауданындағы неміс этномәдени орталығы тоқсаныншы жылдары құрылған. Міне, содан бері неміс халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтау бағытында қыруар жұмыс жүргізіп келеміз. Орталықта бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Әрине, сонау алыстағы Германиямен де байланысымыз бар. Сонымен қатар қаладағы өзге ұлт өкілдерімен олардың этномәдени орталықтарымен де тығыз байланыстамыз. Әсіресе, қазақ халқының тілі, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін үйренеміз. Сол тілде ән айтып, би билейміз. Мысалы, жыл сайын Наурыз мерекесі мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні орталықтың ұйымдастыруымен неміс халқының салт-дәстүрлерін көрсетумен қатар, қазақ халқының әдет-ғұрпынан да қойылымдар қоямыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Бұған біз қатты қуандық. Себебі, мемлекеттің бейбітшілігі ұлтаралық татулыққа байланысты.

Лидия Вайс, аудандық неміс этномәдени орталығының жетекшісі.

Сарысу ауданы.