Дамудың сыры – бірлікте, табыстың жыры – тірлікте
Дамудың сыры – бірлікте, табыстың жыры – тірлікте
Кеше Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімінің облыс тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.Онда өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев оңды көрсеткіштермен көптің көңілін көкке шарықтатты. жұрт жақсы біледі, Жылқы жылы Жамбыл өңірі үшін жайлы болды. тұлпар жыл тыным таптырмай, толайым табысқа бастады. Қай саланы алып қарасаңыз да қарқынды жұмыс бар. Құрылыс қанат жайып, ауыл шаруашылығы алға басты. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Елдің еңбекке деген құлшынысы артып, ертеңге деген сенімі нығайды. Жыл қорытындысына арналған алқалы басқосуға Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Парламент Сенатының депутаты Мұратбай Жолдасбаев, Мәжіліс депутаттары Серікбай Нұрғисаев, Азамат Әбілдаев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Василий Крылов қатысты.
– Басқосуымыздың негізгі мақсаты – облысымыздың 2014 жылғы даму нәтижелерін қорытындылап, Сіздермен бірге биылғы жылы атқарылатын міндеттерді белгілеу, – деді Кәрім Нәсбекұлы есепті баяндамасының басында, – тәжірибе көрсеткендей, жыл сайынғы есепті кездесулер өңірдегі проблемалар мен өзекті мәселелерді шешуге уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді. Жалпы, өткен жыл бүкіл ел үшін де, біздің облыс үшін де табысты әрі маңызды оқиғаларға толы болды. Бірлігі жарасқан еліміз Еуразия Экономикалық одағы келісіміне қол жеткізді. Елбасы Жолдауындағы міндеттер басшылыққа алынып, «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру қолға алынды. Облыс экономикасының өсу қарқынының негізгі көрсеткіштерінен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын» іске асырудағы алғашқы нәтижелерін байқауға болады. Салық түсімдерінен бастап, облыс өмірінің барлық салаларында, соның ішінде кәсіпкерлік пен өндірісте, әлеуметтік сала мен білімде, спорт пен мәдениетте айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткіздік. Өздеріңіз білесіздер, 11 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық дүрбелең қазақстандық экономиканың дағдарысы емес екенін айта келе, билік пен жалпы жұртшылық алдында тұрған негізгі міндеттерді тағы бір мәрте айқындап берді. Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал екеніне назар аударды. Оны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөлінуде. Соның 180 миллиарды биылғы жылы пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, Елбасы ұлттық экономиканың әлеуеті мен жинақталған қаржы көзінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды нықтап айтты. Жалпы алғанда, барлық деңгейдегі бюджеттер оңтайландырылады. Алайда, ешқандай да әлеуметтік төлемдер қысқармай, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру салаларында реформа жалғасын таба бермек.
Президент ірі компаниялар басшыларының назарын жұмыс орындарын қысқартпауға аударды. Бұл жұмыстар біздің облыста да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күннің өзінде облыс бойынша ірі кәсіпорындармен 153 меморандум жасалды. «Казфосфат» компаниясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі 9,0 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 90 мың тонна аммофос сату жөнінде меморандумға қол қойды. Өңірде жұмыс орындарын сақтап қалуға және тұрғындарды жұмыспен қамту үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында көрсетілген инфрақұрылымдарды дамыту бағыттары бойынша 8 мыңға жуық адамды жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыруға облысымызда барлық мүмкіндіктер бар. Тек қана ел бірлігі мен қоғамдық келісімде, жалпыға ортақ еңбек қоғамына аяқ баса отырып, барлығымыз жұмыла кірісуіміз қажет. Облыс әкімі К.Көкірекбаев өз есебінде өңірдің өткен жылғы даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі жоспарларына да кеңінен тоқталып, жан-жақты талдау жасады.
Индустрияландыру игілігі
Былтыр облыс экономикасында өсімнің оң серпіні сақталды. Өткен жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім 655,3 миллиард теңгені құрап, 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызды құрап отыр. Облыс экономикасының өсімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және сауданың дамуының есебінен орын алды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсімі бюджет көлемінің артуына да оң ықпал етті. Облыс бюджетінің кірістері – 201 миллиард теңге, яғни, 100,3 пайызды құрап, белгіленген жоспардан 12,6 пайызға артығымен орындалды. Облыс бюджетінің шығысы 200,1 миллиард теңгені құрап, жоспар 99,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджетке салық және өзге де міндетті төлемдер есебінен 64,7 миллиард теңге түсіп, болжам 0,7 пайызға артығымен орындалды (2013 жылы бұл көрсеткіш 63,7 миллиард теңге болатын). Оның ішінде ішкі кіріс 1,5 пайызға өсіп, 37,8 миллиард теңгені құрады (2013 жылы – 34,8 миллиард теңге). Бөлшек сауда айналымы 13 пайызға (178,4 миллиард теңге), көтерме сауда айналымы 11,4 пайызға (231,8 миллиард теңге) артып отыр. Ішкі тауар айналымының өсімі 5,1 пайызды (617,6 миллион АҚШ доллары) құрады. Оның ішінде Кедендік одаққа мүше мемлекеттермен 2014 жылдың 11 айында 45 пайызды (102,0 миллион АҚШ доллары) құрады. Оның ішінде экспорт екі есе (27 миллион АҚШ доллары), импорт 33,2 пайызға (75миллион АҚШ доллары) артты. Қызмет көрсету саласында да өсім байқалады. Түрлі көліктермен жүк тасымалдау 0,6 пайызға, байланыс қызметі 8 пайызға артқан. Инфляция деңгейін бақылауда ұстау жұмыстары да жалғасуда. Инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айында 2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 107,5 пайызды құраған. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 0,1 пайыздық пунктке жоғары. Халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы – 7,6, азық-түліктік емес тауарлар – 7,3, ақылы қызметтер 7,6 пайызға өскен. Өндірістегі экономикалық өсім де жақсы көрсеткішін сақтауда. Өндіріс өнімділігі 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артып, республика бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр (ҚР – 100,2 пайыз). Өндіріс көлемінің артуы тау-кен өндірісі мен кен өңдеудің – 12,0 (20,8 миллиард теңге), қайта өңдеу өндірісінің – 2,3 (200,8 миллиард теңге), электр энергиясын, газ және жылу энергиясын тартудың 20,1 пайыз (50,3 миллиард теңге) есебінен болып отыр. – Облыс экономикасына біздің ірі кәсіпорындардың қосқан үлесін атап өткім келеді. Бұл – «Казфосфат» ЖШС. Ол сары фосфор өндіруді – 11,4 (99,9 мың тонна), гексаметафосфатты – 35,1 (3,5 мың тонна), азотты тыңайтқышты – 7,1 (13,2 мың тонна) және фосфорлы тыңайтқышты 9,4 пайыз (71,0 мың тонна) көлеміне арттырып отыр. Тараз қант зауыты қант өндіру көлемін 42 пайызға (248,1 мың тонна) көбейтті. Жамбыл цемент өндірістік компаниясында цемент өндіру 22 пайызға артып, 1 миллион 270 мың тоннаны құрады. «Жамбыл ГРЭС»-і 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын 66,6 пайызға артығымен өндірген (2520,5 миллион кВт/сағ). Нақтылы кезеңде ГРЭС 4 блокты тәртіпте жұмыс істеп, соңғы жиырма жыл ішінде бірінші рет бәсекеге қабілетті болды. «Алтыналмас» акционерлік компаниясында алтын шығару көлемі 2,8 пайызға артты (1026 келі). «Запчасть» АҚ қоспасыз болат өндіру көлемін 33,2 пайызға арттырды (25,9 мың тонна). Мен аталған кәсіпорын басшылығы мен еңбек ұжымына өз алғысымды білдіргім келеді, – деді Кәрім Нәсбекұлы. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мұның бәрі сөзсіз өндіріс өнімінің өсуіне оң ықпал етеді. Индустрияландыру картасы шеңберінде өткен жылы 22,8 миллиард теңгеге 6 жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үй құрылыс комбинаты (жылына 19,5 мың текше метр), алюминий радиаторларын шығаратын шағын зауыт (жылына 250 мың дана), бағалы металдар шығаратын зауыт (жылына 500 келі), балық өңдеу зауыты (жылына 1200 тонна) пайдалануға берілді. Қаратау қаласында натрий цианидін өндіретін зауыт (15 мың тонна) және Қордай ауданындағы жел электр стансасы (21 Мвт) Елбасының қатысуымен болған телекөпір кезінде іске қосылды. Жалпы, бағдарлама жүзеге асырылған бес жыл ішінде (2010-2014 жылдары) 123 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асырылып, 5 мың жұмыс орны ашылған. Екінші бесжылдығында құны 590 миллиард
теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жеті мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Оның 700 жаңа жұмыс орны ашылатын бес жобасы биыл іске асады. Бұл кезеңде ең үлкен жобалар – «Еврохим тыңайтқыш» ЖШС және «Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағы биыл іске қосылады. «Еврохим тыңайтқыш» компаниясы жылына 1 миллион тоннадан кем емес тыңайтқыш шығаратын зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Жоба құны – 356,6 миллиард теңге. Жоба басталғалы 131 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Ол іске асқанда 2500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Құны 375 миллиард теңгеден асатын «Тараз» химиялық паркі» жобасы аясында экспортқа шығаруға бағытталған өнімдер шығаратын 16 зауыт салынады. Екі мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Барлық қала және аудан әкімдері индустрияландыру жұмыстарында белсенділік танытулары керек. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі «Қазақстан-Қытай» (225,1 миллиард теңге) магистральды газ құбыры мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылыс жұмыстарына 13 пайызға қысқарды. Сондай-ақ, басқа жобаларды есепке алмағанда инвестиция көлемі 151 миллиард теңгені құрады.
Кәсіпкерлікке – кең өріс
2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында барлық қаржы көздерінен 45,5 миллиард теңгеге 374 жобаға қолдау көрсетілді. 8 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 1500-ден аса жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды. Республикалық бюджеттен 10,4 миллиард теңге трансферт бөлінді, оның ішінде 2014 жылы – 2,5 миллиард теңге. Дегенмен, сараптама көрсеткендей, барлық жобалардың (92 жоба) тек 32 пайызы ғана аудандарда, қалғаны Тараз қаласында жүзеге асуда. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдардан арнайы жұмыс тобы өкілдері, екінші деңгейлі банк филиалдары мен қаржы институттарымен бірлесе отырып аудандардағы 1130 жеке кәсіпкермен тиісті жұмыстар жүргізілді. Екінші деңгейлі банктермен шағын және орта бизнес субъектілеріне жалпы сомасы 22,8 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Нәтижесінде белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары 1,4 пайызға (44373 бірлік) артты. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті «экономикалық өсімнің драйвері ретінде» және оның еліміздегі үлесін ішкі жалпы өнімде арттыруды тапсырды. Сондықтан Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті одан әрі тиімді дамытулары қажет. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға былтыр Жаңатас пен Қаратау қалаларына 1,2 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 1175,2 миллион теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 20 миллион теңге қарастырылды. Бұл қаржылар көгеріштендіру, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мен 29 көп қабатты үйді бұзуға (234 миллион теңге), орталық қазандықты, резервтік жылу, су, электрмен жабдықтау жүйелерін қайта қалпына келтіруге (593,9 миллион теңге) бағытталды. Өткен жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Мәсімовтің облысымызға сапары барысында Жаңатас қаласында моноқалалар әкімдерімен өткен жиналыста моноқалаларды мемлекет тарапынан қолдаудың қосымша тетіктері жасалды. Нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым құрылысына, қалаларды абаттандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға дер кезінде қаржы бөлу мәселесі шешілді. «Еврохим тыңайтқыш» ЖШС және «Талас инвест компани» зәкірлі жобаларын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерге қолдау көрсетілді. Тұрғын үй құрылысы облысты дамытудың маңызды бөлігін құрайды. Өткен жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында көлемі 258 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға көп. Оның ішінде бюджет есебінен салынған тұрғын үй көлемі 98,5 пайызға артып, 40 мың шаршы метрді құрады. Жыл ішінде үй кезегінде тұрғандарға 4 үй (20,3 мың шаршы метр, бұл жоспардан 3,5 есе артық, жас отбасыларға арналған 2 үй (12,8 мың шаршы метр) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиесі бойынша 1 үй (6,4 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 110 миллиард теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемі 5,1 пайызға өсті (12,1 миллиард теңге). Ағымдағы жылы соғылатын тұрғын үй көлемі 260,0 мың шаршы метрді құрайды деп жоспарлануда. Тұрғын үй алқаптарының көлемін ұлғайту, болашақтағы дамуы жайында айтар болсақ, мұнда жер учаскелерін дайындаудағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өткім келеді. Автобекет пен Сабалақов көшесі аумағынан ірі құрылыс жұмыстарын жүргізбекпіз. Бұл үшін барлығы 462 гектар жер учаскесі бөлініп отыр. Мұнда жаңа, заманауи көп қабатты үйлерден тұратын 14 және 15 мөлтек аудандары бой көтереді. Бұл облысымыздың орталығына жаңа архитектуралық рең беретін болады. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді. Инженерлік инфрақұрылым жобасы жасалу үстінде. Қарқынды құрылыс аясында сондай-ақ, баспана қорын жаңғырту жұмыстары да атқарылуда. Егер 2011-2012 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 109 көп қабатты үй жөндеуден өтсе, 2014 жылы 694 миллион теңгеге 37 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарын 18 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен 916 миллион теңгеге 44 көп қабатты үйге жөндеу жүргізу жоспарлануда. Тараз қаласында – 34, Жаңатаста – 3, Қаратауда – 4, Шу қаласында – 3. Сонда жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі тағы 2,8 пайызға қысқармақ.
Жол – экономика күретамыры
Заманауи көліктік инфрақұрылым қалыптастыру мен автокөлік жолдарын жақсартуға айрықша көңіл бөлінуде. Есепті жылы жергілікті мәндегі автокөлік жолдарын күтіп ұстауға, жөндеу жұмыстарына бюджеттен 6,8 миллиард теңге (2013 жылы – 6,2 миллиард теңге) бөлінді. Бұл қаржыға 120 шақырымнан астам жол жөнделді. Осылайша, жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызға дейін көтерілді. Облыстық мәндегі жолдардың қыс мезгіліндегі қызмет көрсету сапасы – маңызды тапсырманың бірі. Бүгінде бұл функциялар облыс аудандарына берілген. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен аудандарға 108 миллион теңге бөлінді. Бұл қыс мезгілінде автокөлік жолдарын дер кезінде, тиімді әрекет ету арқылы жергілікті жердегі бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, осы жылы жолдарға 6,8 миллиард теңге қарастырылған. «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің 163 километрді құрайтын үш телімінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жолды пайдалануға беру жұмыстары жыл аяғына қарай бітеді деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта, аталған жол бойынан ауыл шаруашылығы, туризм, басқа да қызмет көрсету салаларындағы 700-ге дейінгі адамды жұмыспен қамтитын жұмыс орындары салынатын болады. Бұл кәсіпкерліктің қарқынды дамуының тағы бір мүмкіндігі. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,2 пайызға (883,5 миллион жолаушы), ал жолаушы айналымы 19 пайызға (6777,9 жолаушы/км) ұлғайтылды. Облыс елді мекендерін қоғамдық жолаушылар көлігімен қамту 90 пайызға (335 елді мекен) жеткізілді. Көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, Таразда жаңа автобекет, таксилерге арналған 33 аялдама және Б. Момышұлы ауылында тұрғындарға қызмет көрсету бекеті пайдалануға берілді. Қалалық автобус бағыттарында 2011 жылғы тарифтер қайта қаралып, жолақы 60 теңге көлемінде белгіленді. Бірқатар облыс аралық және қала аралық автобус бағыттары (Жаңатас–Шымкент, Қаратау–Шымкент, Тараз–Қаскелең, Қаратау–Алматы, Жаңатас–Алматы) ашылды. Әлеуметтік маңызға ие Тараз–Жаңатас, Тараз–Шығанақ, Жаңатас–Жайлаукөл автобус бағыттарын субсидиялауға облыстық бюджеттен 23 миллион теңге (2013 жылы – 21,6 миллион теңге) бөлінді. Әлеуметтік маңызға ие қала маңы пойызы қатынасын қаржыландыруға бөлінген субсидия көлемі екі есе өсіп, 256 миллион теңгені құрады (2013 жылы – 128,7 миллион). (Жамбыл–Жаңатас, Шу–Отар және Шу–Мыңарал). Тараз–Жаңатас бағытындағы пойызда 3 комфортабельді вагон іске қосылды. Осылай аталған бағыттағы жолаушылар тасымалының жағдайы жақсара түсті. Қазіргі уақытта Жамбыл–Жаңатас бағытында жолкіре бағасы – 313, Шу–Мыңаралда – 395, Шу–Отарда 275 теңгені құрайды. Экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін келесі басты бағыттардың бірі – энергетика мен инфрақұрылымдарды дамыту. Есепті жылда аталған салаға 11 миллиард теңге бөлінді. Жылумен, сумен, газ-электрмен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйелері бойынша 60 жоба жүзеге асырылды. Жылумен қамтитын мекемелердің күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына 292 миллион теңге бағытталды. Жылу энергиясын өндіру 12 пайызға (1124,8 мың гкал.) ұлғайтылды. 539 миллион теңгеге Жаңатас пен Қаратау қалаларындағы магистральді және орамішілік жылу жүйелерін қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді. Қаратау қаласында 104 миллион теңгеге орталық қазандықтың су қыздыру қондырғысы ауыстырылып, жылу жүйелері жаңғыртылды. Баршаңызға мәлім, Тараз қаласындағы «Қантзауыт» тұрғын алқабын соңғы жылдары шикізаттың тапшылығынан тұрақты жұмыс істемей тұрған Қант зауыты жылумен қамтамасыз етіп келді. Биыл қыста алқапта бұл іс те тоқтатылып, 10 мыңнан астам тұрғын мен бірқатар бюджеттік сала нысандары, оның ішінде орта мектеп, қалалық емхана, колледж және онкологиялық диспансер жылусыз қалуы қаупі төнді. Аталған мәселені шешу үшін қалашық аумағында өткен жылы 512 миллион теңгеге қазандық тұрғызылып, 2,8 километрлік жылу жүйесі жүргізілді. Жаңа қазандық құрылысы апаттық тәуекелді төмендетуге, жылу шығынын 10,6 пайызға (27-ден 16,4-пайызға) азайтуға мүмкіндік берді. 12,5 миллион теңге тұратын 694 мың текше метр газды үнемдеуге қол жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғастырылатын болады. Тараз, Жаңатас қалаларындағы көше бойындағы және пәтерішілік жылумен қамту жүйелерін жөндеу бойынша жеті жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді. Былтыр электр энергиясын тұтыну көлемі 1,7 пайызға (3,7 миллиард кВт.с.) ұлғайтылды. Энергия өндіру көлемі 53,7 пайызға (2,714 миллиард кВт/с.) өсті. Жалпы, энергетика саласында былтырғы жылдан бастап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
аясында 1,0 миллиард теңгеден астам сомаға 3 ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл – Талас ауданында натрий цианидін өндіретін зауыттың электр жүйелері мен қосалқы стансаларының, 4 шаруа қожалығына электр жүйелері және Т.Рысқұлов ауданы «Луговой жылқы зауытындағы» 17 тамшылатып суару қондырғысының құрылыстары. Тараз қаласындағы «Арай», «Бәйтерек-2» тұрғын үй алқаптарын электрмен қамтуға жергілікті қазынадан 110 миллион теңге бөлінді. Тараз қаласының аумағындағы аталған саяжай телімдері мен тұрғын алқаптары тұрғындарын енді аз ғана уақыт шыдай тұруға шақырамын. Коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелерінің барлығы да кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болады. Тараз қаласының әкімі құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе аталған мәселені айрықша бақылауға алуы қажет. Шу қаласында да осындай жылу қазандықтарын электр қуатының сенімді қорларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмек. «Жасыл экономикаға» көшу жоспарына сәйкес, «Таразэнергоцентр» АҚ белгіленген электр қуатын 125 МВт, жылу қуатын 482 Гкал көлеміне жеткізіп, жылу-электр жүйелерін кеңейту және қайта жөндеуден өткізу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі шешілуде. Бұл күндері 194 миллион АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны жүзеге асыруға байланысты қазақстандық және португалиялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Энергия үнемдеу саласында Тараз қаласының орталық бөлігінде «АСКУЭ» электр энергиясын есептеу жүйесі енгізілген. Коммуналдық қызметтің 51 мыңнан астам есептеу аспаптары (физикалық тұлғаларға – 45 515 бірлік, заңды тұлғаларға – 5 959 бірлік) орнатылған. Осымен байланысты нормадан тыс техникалық шығын бес есеге дейін төмендеп, экономикалық тиімділік 80 миллион теңгені құрап отыр. «Таразэнергоцентр» АҚ-ында электрмен қамту мәселесін шешу үшін электр қондырғылары жүйесіндегі кернеу жиілігін реттегіштер орнатылуы жылуды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Өткен жылда Тараз қаласының жеті көшесін 118 миллион теңгеге электр қуатын үнемдеу құрылғыларымен жарақтандыру жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғастырылмақ. 272 миллион теңгеге қаланың 13 магистральді көшесіндегі натрийлі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға алмастыру жоспарлануда. Мұндай жағдайда электр қуатын үнемдеу тиісінше 60 пайызды құрамақ. Өздеріңізге белгілі, соңғы бес жылда облыс тұтынатын электр қуаты 213 МВт-ға жетті. Облыста 465 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыға жаңғыртылған энергия көздері құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 26 МВт қуаттылыққа ие 6 нысан пайдалануға берілді. Біз «Жасыл энергия» жобасын одан әрі дамытуға тиіспіз. Алдағы бес жыл ішінде аудандарда күн, жел және су-электр стансалары құрылыстарын салуды жоспарлап отырмыз. Аталған жобаларды жүзеге асырған жағдайда облыс өзінің электр қуатына қажеттілігін 40-50 пайызға өтей алады. Есепті кезеңде табиғи газды тұтыну көлемі 1,8 пайызға (317,6 мың текше метрге) ұлғайды. Облыс елді мекендерінің табиғи газбен қамтамасыз етілуі 37,4 пайызды (141 елді мекен, 650 мың тұрғын) құрады. Ағымдағы жылы тағы да 21 елді мекенге газ жеткізу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 2,6 миллиард теңге қаралған. Осындай жолмен жыл соңына дейін көгілдір отын жеткізілген елді мекендер саны 162-ге (43 пайызға) жеткізілмек. Тараз қаласын газбен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту бағдарламасы бойынша 370 километрлік газ желісі полиэтиленді жерасты құбырларына алмастырылды. Алдағы уақытта Қаратау қаласынан Жаңатасқа және Саудакент ауылына жоғары қысымды магистральды газ құбырының құрылысын жүргізу, Шу ауданының 22 елді мекенін газдандыру, Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе ауылында жаңа автоматтандырылған газбөлгіш станса құрылысын салу, басқа да ауқымды жұмыстар жоспарлануда. Облыста табиғи газ өндіру ісі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Былтырғы жылдың соңында «Жарқұм» газ кенішін пайдалануға берумен байланысты ағымдағы жылы жалпы газ өндіру көлемін 400 миллион текше метрлік межеге жеткізу жоспарланып отыр. Оның үстіне, облыс тұрғындарының қажеттілігін өтеуге бағытталған газ көлемі де айрықша ұлғая түсті. Қазіргі уақытта облыста орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген қала тұрғындарының үлесі 78 пайызды, оның ішінде Тараз қаласында 82,4 пайызды құрап отыр. Өткен жылы бюджеттен 10 жобаға 4,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 134 шақырымдық сумен қамту жүйелеріне қайта жөндеу жүргізілді. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 18 нысанның құрылысына бөлінген 4,3 миллиард теңге игерілді. Оның ішінде 859,0 миллион теңгеге 5 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда тиісінше ауылдық елді мекендердің 60 пайызы орталықтандырылған су-құбыр тораптары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген (222 елді мекен – 486,7 мың адам). Алдағы уақытта 2,5 миллиард теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, олардың 7-еуі биыл іске қосылады, 3-еуінің құрылысын 2016 жылы аяқтап шығамыз. Бюджеттен көріктендіруге, көгеріштендіруге және санитарлық тазалыққа бөлінген қаржы көлемі облыста 12,3 пайызға ұлғайтылып, 1,5 миллиард теңгені құрады.
Ауылдардың ажары артты
– Біздің облыс – өзіндік оң дәстүрі қалыптасқан көпсалалы аграрлық өңір. Облыс халқының 59,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдың болашағы – еліміздің болашағы. Сондықтан да Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің агроөнеркәсіп кешенін қаржылық қолдауды ұлғайту туралы тапсырма берді. Бюджет шығыстарының оңтайландырылуына қарамастан, мемлекет аграрлық саланы қолдауды жалғастыруда, – дей келе облыс басшысы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өткен жылы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына барлық көздерден бөлінген қаржы 49 пайызға өскен. Құрғақшылыққа қарамастан, 163 миллиард теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, көлемі 2,6 пайызға артты. Өңірде жалпы 581 мың гектар жерге егін егіліп, 2013 жылмен салыстырғанда 38 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде суғармалы егістік көлемі 1400 гектарға артып отыр. Есепті жылы жалпы 5,3 миллиард теңгеге 142 жоба іске асырылды, 500-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Елбасының аграрлық-инновациялық кластер құру туралы тапсырмасына сәйкес, Шу ауданында көкөніс кластерін ұйымдастыру жұмысы басталды. Су шаруашылығы комитетімен осы жобаны қаржыландыру мен су жүйелерін республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Шуда, бүгінгі күнге 1 көкөніс қоймасы салынуда, ал сыйымдылығы 10 мың тонна 2 қойма және қайта өңдеу кәсіпорнын салуға инвесторлар іздестірілуде. Темір жол мен автомобиль жолдары торабында орналасқан Шу ауданы Тасөткел су қоймасы есебінен көкөніс және бақша дақылдарын кеңінен өндіруге өте қолайлы. Екіншіден, құрылысы жоспарланған «Тараз химпаркінің» тыңайтқыш өнімдері де көкөніс кластерін ұйымдастыруға өз септігін тигізері анық. Алдағы уақытта Шу ауданының Астана, Алматы, Тараз бағыттарындағы көкөніс саудасының орталығы болуына үлкен мүмкіндігі бар. Өңірдегі су тапшылығына байланысты, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары тұрақты назарда. Өткен жылы тамшылатып суғару алқаптарының көлемі 1,7 есеге арттырылып, 5 мың гектарға жеткізілді. Биыл оның көлемін 7 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Тамшылатып суғарудың тиімді екендігін бүгінде бәріміз көріп отырмыз, әсіресе шаруа қожалықтары жақсы біледі. Мәселен, дәстүрлі суғару арқылы 1 гектар алқаптан 45 тонна пияз өнімі алынса, тамшылатып суғару тәсілімен бірқатар шаруашылықтар 2,5 есе көп өнім алып отыр. Оның үстіне, бұл тәсіл жұмыс күшін 5 есе аз қажет етеді. Сондықтан да, аудан әкімдері мен ауыл шаруашылық басқармасы өсімдік саласында осы технологияны кеңінен енгізу үшін шаруа қожалықтарымен тиісті жұмыстар атқару қажет. Облыста ылғал сақтау технологиясын қолдану да 4 пайызға өсіп, 24,0 мың гектарды құрады. 5,3 миллиард теңгеге Жуалы ауданында Көксайда жаңа каналдың құрылысы жүргізіліп, 2500 гектар алқапты ылғалдандыруға мүмкіндік туды. – Өздеріңіз білесіздер, біздің облыс су ресурстарының 80 пайызын көрші Қырғыз елінен алады. Өткен жылы Елбасының Кырғыз Республикасының Президентімен кездесуі барысында осы мәселе көтерілді. Нәтижесінде, суармалы суды бізге қажетті көлемде толық және уақтылы беру туралы Шу облысының губернаторымен Меморандумға қол қойдық. Енді биыл облысқа Шу өзені бойынша 370 миллион текше метр су берілетін болады. Су ресурстар комитетінде жалпы көлемі 90 миллион текше метр, құны 16,3 миллиард теңгені құрайтын 4 шағын су қоймасының құрылысы бойынша ұсыныстарымыз қаралуда. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда, 2016-2017 жылдары Қордай ауданында «Ырғайты», «Қалғұты», Талас ауданында «Ақмола», Меркі ауданында «Аспара» су қоймаларының құрылысы жүргізілетін болады. Осы жылдары Қордай ауданында «Қарақоңыз», «Қақпатас» су қоймаларының көлемін ұлғайту және Жамбыл ауданында «Раис» каналының бас суалғыш тораптарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған, – деді облыс әкімі К.Көкірекбаев. Соңғы жылдары мал өнімдерінің көлемі артып келеді. Мәселен, есепті жылы ет өндірісі 8,3 пайызға, сүт өндірісі 2,1 пайызға өсті. «Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру» және «Сыбаға» бағдарламалары аясында бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды мал репродукторларын құру үшін өткен жылы 4 мыңнан аса мүйізді ірі қара сатып алынды, 4500 басқа арналған 8 бордақылау алаңы құрылды. «Аграрлық несие корпорациясынан» бөлінген 671 миллион теңгеге «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша облыстың 123 шаруа қожалығы 850 жылқы, 17200 саулық және 350 бас қошқар сатып алды. Үстіміздегі жылы 22 мың қой, 800-ден астам жылқы сатып алу жоспарланған. Бүгінде облыс бойынша мүйізді ірі қара асыл тұқымды мал үлесі – 15, қой – 23,6, жылқы – 23 және түйе 30 пайызды құрап, республикалық көрсеткіштерден біршама жоғары сатыға шықты. Сүт өнімдерін өңдеуде шикізат тапшылығын жою мақсатында Бурный ірімшік зауыты 40 миллион теңгеге шаруашылықтарға 230 сауын сиырын сатып алып берді. Ол сиырлардан сауылған сүт кәсіпорынға белгіленген бағамен өткізіліп, берілген несие алынған өніммен өтелуде. Осы жобаны барлық аудандардағы сүт зауыттарына тәжірибеге енгізу жөнінде жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының бойында 13 сүт фермасының құрылысы аяқталып, сүт бағытындағы асыл тұқымды мал сатып алынуда. Жалпы, 2017 жылға дейін 57 шаруашылық іске қосылады деп жоспарлануда. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы Меркі ірімшік зауыты мен «Көкжиек-2030» серіктестігіне 18 сүт салқындатқыш танкерлер лизинг жүйесімен беріліп, облыста бүгінде 36 сүт дайындау орындары жұмыс істеуде. Нәтижесінде, өндірілген өнім көлемі 288 мың тоннаны құрап, 2,1 пайызға артты. Кәрім Нәсбекұлы ауыл шаруашылығына инвестиция мен жаңа технологиялар тарту бағытында нақты нәтижелер бар екенін де айтты. Осы мақсатта Малайзия (AGROSTAN FARMS SDN BHD) компаниясымен 350,0 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестицияға жаңа мал шаруашылығы фермаларын құру туралы келісім жасалды. Ол үшін Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында қажетті ауыл шаруашылық жерлер дайындалды. Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында келіссөздер жүргізіліп, «Қазақстан-Қытай» ғылыми-инновациялық ауыл шаруашылық паркі құрылысының бірінші кезеңіне 40 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. «Мойынқұм Агро» серіктестігі Ресейден ет бағытындағы 5 мың «Қазақтың ақбас» тұқымдас мүйізді ірі қара малын әкелуді және 5 миллиард теңгеге жылына 450 тонна сиыр етін өндіруге арналған бордақылау алаңын құруды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта Мойынқұм ауданында серіктестікке 15 мың гектар ауыл шаруашылық жер телімі бөлініп берілді. Осы жобалар іске асырылса қосымша 350 жұмыс орны ашылады. Облыстың жер қоры 14 миллион 426 мың гектарды құрайды. Алайда, облыстың әлі де қолданылмаған жер резервтері бар. Бүгінгі таңда 547 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталды. Оның 86 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. 238 мың гектар жер қайта айналымға қосылды. Өткен жылы қосымша пайдаланылмай жатқан 43,7 мың гектар жер анықталды. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар осы мәселені бақылауда ұстап, жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет. Білімді мыңды жығар
Адами капиталдың сапалы өмірін қамтамасыз ету әлеуметтік салаға тікелей байланысты. Оның негізін білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қолдау құрайды. Бұл салаларға жұмсалған бюджеттік қаржы көлемі 2014 жылы 11,7 пайызға өсті. Облыста Елбасының «Балапан» бағдарламасы өз деңгейінде орындалуда. Өткен жылы 23 балабақша, 9 шағын орталық ашылып, 3-тен 6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 71 пайызға жетті. Бұл – 3,1 пайызға артық. Өңірдегі 240 балабақша мен 166 шағын орталықта 43767 бала тәрбиеленді. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ашылған мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны 11-ге өсті. Өткен жылы 7 балабақша жаңадан салынса, биыл 5 балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Есепті жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да назардан тыс қалған жоқ. Оған 15 миллиард теңге бөлінді. 9,8 миллиард теңгеге 29 білім нысанының құрылысы жүргізілді, оның 15-і пайдалануға берілді. 4 миллиард теңге 179 білім нысанын күрделі және ағымдағы жөндеуге жұмсалды. – Біздің алдымызға қойылған міндеттердің бірі – апатты жағдайдағы мектептердің проблемасын шешу. Жыл ішінде мұндай 24 білім ошағының, 6-ауы құрылыс есебінен шешімін тапты. Биыл 10 апатты мектептің, 2016-2017 жылдары 9 мектептің мәселесін жаңа құрылыс есебінен шешіп, Елбасы тапсырмасын мерзімінде орындауды жоспарлап отырмыз. Облыста техникалық мамандар, қарапайым жұмысшылардың тапшылығын шешу мақсатында дуальді оқу жүйесін дамытудамыз. 2013 жылмен салыстырғанда дуальді оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны 13-ке артты. Дуальді оқыту үрдісі «Казфосфат», «Бином», «ЖЭС» және «ТаразТрансПасс» компаниялары сынды ірі кәсіпорындарда кеңінен жүргізілуде, – деді облыс басшысы. Маңызды да өзекті мәселе – оқыту сапасын арттыру. Облыс оқушылары жалпыға білім беретін пәндер бойынша 2014 жылғы республикалық олимпиада мен ғылыми жар