Төңкерме
Төңкерме
Төңкерме – тез пісетін әрі жеңіл тамақ. Оны дайындау үшін қызған қазанға бидай ұнын себелей отырып қуырып, басқа ыдысқа салып алады. Қазанға енді мал майын (болса қойдың құйрық майы) турап шыжғырады. Еріген май үстіне су, сүт құйып, әлгінде қуырылған ұнды қосып, тұз салып араластырады. Бұлар толық араласқанда қоймалжыңдап дәмді әрі жұп-жұмсақ төңкерме атты тағам дайын болады. Оны табаққа салып алып қасықпен жей беруге болады.