Білімді бұрымдылар «маубас» па?
Білімді бұрымдылар «маубас» па?
Әдетте, «ұйқы–дұшпан» деп жатамыз. Әсіресе, түнгі ұйқының бұзылуы адамның білім деңгейі мен жынысына байланысты болады екен. Білім дәрежесі жоғары әйелдердің түнгі ұйқысы тыныш, білімді ер-азаматтар керісінше түн ұйқысын төрт бөліп мазасызданып шығады екен. Қырық мыңнан астам тайваньдық тұрғындар арасында зерттеу жүргізген ғалымдар осындай тұжырымға келген. Олар зерттеуге тартылған адамдардың тұрмыс-жағдайын, кәсіптік ерекшеліктерін, білім деңгейін, табыс көлемі мен отбасы мүшелерінің санын назардан тыс қалдырмаған. Зерттеу нәтижесінде білімді әйелдердің білімі төмен бикештерге қарағанда ұйқысыздыққа сирек ұшырайтынын, ал оқымысты ерлерде оқымысты емес бауырларымен салыстырғанда ұйқысыздық басым болатындығы анықталған. Енді ғалымдар осының себебін ашуға кіріспек.