Заңсыз жүрген «қонақтар»

68

Меркі ауданында рейдтік іс-шаралар барысында «Халықтың көші-қон туралы» Заңын бұзғаны үшін Қытай Халық Республикасының 7 азаматы мен Қырғызстанның 24 азаматы ұсталды. Олар аталған аудандағы бір кәсіпкердің цехында үй малдарының терісін тазалау бойынша жұмыс атқарған.
Қырғызстан Республикасының 24 азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Меркі ауданының сотына қарауға жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттың жоқтығына байланысты Қытайдың жеті азаматына қатысты материал толтырылды. Аудандық соттың осы азаматтардың бостандығын шектеу жөніндегі санкциясы алынды, ұсталғандар кейінірек Отанына депортациялау үшін Ішкі істер департаментінің уақытша қабылдап-бөлу орталығына орналастырылды.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support