Бірлік, келісім, тұрақтылық
Бірлік, келісім, тұрақтылық
Біз, Жамбыл облысы Азаматтық Альянсының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мемлекетіміздің Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы бастамасын толықтай қолдаймыз. Бұл қадам Президент және Парламент сайлауларын түрлі мерзімде өткізу мақсаттарының сәйкестігі туралы салмақты аргументтер мен халықтың мүддесінен және уақыт талабынан туындағандығына толықтай сенімдіміз. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі заң бойынша қоғамды демократияландыру болып табылады. Мұның жарқын көрінісі өз қатарына 2 миллионнан астам қазақстандықты біріктірген үкіметтік емес сектордың дамуынан көрінеді. Бұл тәжірибе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасында мүмкін болды. Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы мемлекет Президентінің саяси бағытына тілектестігін білдіреді және Ұлт көшбасшысына жаңа мандатты беру туралы бастаманы толықтай қолдайды. Әлемдік сынақ алдында Қазақстанға мемлекетіміздің тұрақты кепілді дамуы керек және біз бұл кепілден Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, оның «Нұрлы жол» бағдарламасын көреміз. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу біздің мемлекетімізде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын тиімді орындауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз таңдалған бағам бірлік, келісім және тұрақтылыққа қол жеткізу үшін барлық қоғамның жасампаз қуатын біріктіреді деп сенеміз. Біз облыстың әрбір тұрғынын, барлық қоғамдық бірлестіктерді Қазақстан Республикасы Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз.
Тараз қаласы, 16 ақпан 2015 жыл.