Әлеумет

ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІМІЗ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІМІЗ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Қазақта «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген аталы сөз бар. «Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде» ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы оқытушылар мен білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы әрбір қазақстандыққа жаңа қарышты қадам жасап, мемлекеттің жасап отырған қамқорлығын толық сезінуге мүмкіндік берді. Қазақстан әлемдік қауымдастық таныған ел болып отыр. Себебі, еліміз осы Тәуелсіздік алған уақыттан бері әлемдік қауымдастыққа өзінің бейбіт сүйгіш және өзара тиімді саясатымен үлгі болып келеді. Қандай бастама жасамайық, әлем елдері біздің мәртебемізді, оның ішінде Елбасы рөлін жоғары бағалап отыр. Жалпы білім алушылар қазіргі уақытта ойларын ашық жеткізе алады, олар демократия ұстанымдарын жетік меңгерген, еркін сөйлеуді үйренген. Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің жастары өткір, ашық, білімді, олардың бойында қуат пен энергия, білім жеткілікті деп ойлаймын. Өзіме келсем, «Қазақстан – менің Отаным», «Тілім – мерейім», «Абай оқулары» атты өзге ұлттар арасындағы аудандық сайыстарға қатысып, Бас жүлдені жеңіп алдым. Жастар халқымыздың үмітін ақтайды деп сенемін. Біздің жалғыз Отан Анамыз – Қазақстан. Оған қызмет етіп, жан аямай қорғамасақ, біз не үшін өмір сүреміз?! Бұл – ұлы сенім! Бұл – аталардың аманаты! Мұны туған жердің мәртебесі, мерейі деп білемін.

Ханумхас Ахметова, «Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің» 2-курс білімгері.

Талас ауданы.