Биыл елімізде 109 жаңа мектеп ашылмақ
Биыл Қазақстанда 109 жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
– Биыл елімізде 109 мектепті қолданысқа беру жоспарланып отыр. Олардың 65-і апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын болады. Осы жерде өңірлердегі әріптестеріме ескерте кетейін, мектеп салуға өтінім тек жаңа типтік жобалар бойынша дайындалған жобалық-сметалық құжатнамалар болса ғана қабылданады, – деп ескертті А.Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, сонымен қатар, 2015 жылы орта білім беру жүйесінде жоғары сыныптарға арнаған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жетілдіру жұмыстары аяқталып, аталған стандартты бастауыш мектептерде 1-сыныптардан бастап апробациялау жүзеге асырылады. «Ал ұстаздар мен мектеп басшылары электронды білім беру, жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтетін болады», – деді министр.
Comments are closed.