Биыл елімізде 109 жаңа мектеп ашылмақ
Биыл елімізде 109 жаңа мектеп ашылмақ
Биыл Қазақстанда 109 жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. – Биыл елімізде 109 мектепті қолданысқа беру жоспарланып отыр. Олардың 65-і апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын болады. Осы жерде өңірлердегі әріптестеріме ескерте кетейін, мектеп салуға өтінім тек жаңа типтік жобалар бойынша дайындалған жобалық-сметалық құжатнамалар болса ғана қабылданады, – деп ескертті А.Сәрінжіпов. Оның айтуынша, сонымен қатар, 2015 жылы орта білім беру жүйесінде жоғары сыныптарға арнаған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жетілдіру жұмыстары аяқталып, аталған стандартты бастауыш мектептерде 1-сыныптардан бастап апробациялау жүзеге асырылады. «Ал ұстаздар мен мектеп басшылары электронды білім беру, жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтетін болады», – деді министр.