NCOC-тың жомарттығы – 125 миллион доллар
NCOC-тың жомарттығы – 125 миллион доллар
Қашаған теңіз кенішін игеру жұмыстарын жүргізіп жатқан NCOC компаниясы Атырау облысының әлеуметтік жобаларына 125 миллион доллар қаржы бағыттайды. – Өңірдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға 125 миллион доллар бөлу жөнінде тиісті меморандумға қол қойылды. Бұл қаражаттар 2015-2019 жылдары жылына 25 миллион доллар көлеміндегі тең үлеспен бөлініп отырады, – деп мәлімдеді NCOC компаниясының бас менеджері міндетін атқарушы Жағыпар Егізбаев.