Басты жаңалық

Австралияда жұмыссыздық рекорды тіркелді

Австралияда жұмыссыздық рекорды тіркелді

Австралияда 2015 жылдың қаңтар айында жұмыссыздық күрт артты, бұл ретте елдегі жұмыссыздық 13 жыл бұрынғы көрсеткіштен де төмендеп, рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ Австралияның статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып. Өткен айда жұмысы бар адамдардың саны 12,2 мыңға азайған, бұл ретте сарапшылар 5 мың жұмыс орнының қосылуын күткен болатын, деп хабарлайды «Вести Экономика». Елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызға дейін өскен. Бұл 2002 жылдың тамыз айындағы көрсеткіштен де төмен. Маусымдық түзетілген мәліметтер бойынша, толық жұмысбастылық қаңтар айында 28,1 мыңға төмендеп, жарым-жартылай жұмысбастылық 15,9 мыңға артты. Осы арада толық жұмыс күнін іздеген жұмыссыз адамдардың саны 200 мыңнан 551 мыңға дейін, ал толық емес жұмыс күнін іздеген адамдардың саны 34,3 мыңнан 243,4 мыңға дейін өскен.