Мұнай табысының төмендеуі Иранның мұңына айналды

40

Иран елінің Энергетика министрі Хамид Читчиян мемлекеттік бюджеттің мұнай экспортынан кірістері шамамен бес есеге төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tasnim агенттігінен.

2014 жылдың 21 наурызынан 2015 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде Иранда мұнайды өндіру көлемі күніне 2,5 миллион баррельден 1 миллион баррельге дейін қысқарғаны, ал мұнай бағасы бір баррель үшін 100 доллардан 40 долларға дейін құлдырағаны атап өтілген.
«Иран экономикасы өзіне тән өте күрделі жағдайда қалып отыр», – деп атап өтті Читчиян, сонымен бірге ол Иранның табандылыққа үйреніп, барлық қиындықтарды еңсере алатынын, сеніммен алға қадам басатынын атап көрсетті.
Министр сондай-ақ Жоғарғы экспорттау кеңесінің баяндамасына сілтеме жасап, елдегі мұнайдан басқа сала экспортының соңғы 10 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көтеріліп, 46 миллиард долларға жеткенін атап көрсетті.
Читчиянның пікірінше, бұл көрсеткіштер Иранның жоғары экономикалық әлеуеті мен оның мұнай кірістеріне тәуелділіктен арылып келе жатқанын байқатады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support