Әлеумет

Жастар күлкісі

Жастар күлкісі

Екі сұрақ

Баласы әкесіне: – Әке, менің сізге екі сұрағым бар. – Айта ғой. Біріншісі: Маған ақша беріңізші! Екіншісі: Неге бермейсіз?

Бәсе, көрінбейсің...

– Алло, апа? – Бұл қайсың, ей? – Мен ғой немерең Нұрдәулет. – Қайда жүрсің, ей? – Алматыда оқып жүрмін ғой, 4 жыл болды. – Бәсе, үйде көрінбейсің.

Асығыстық

Таксист аялдамада өзімен-өзі тұрған қызға тоқтап: – Қарындас, отырыңыз, жеткізіп тастайын, – дейді. Қыз: – Кешіріңіз, мен автобус күтіп тұрмын. Уақытым жоқ, жұмысқа тезірек баруым керек!

«Өскенде Аяз ата болам»

– Балам, өскенде кім болғың келеді? – Аяз ата! – Неге? – Оның несі жаман? Бір апта жұмыс істейсің де, бір жыл демаласың!

Караоке

Екі достың әңгімесінен: Караокемен ән айту үшін дауыс пен таланттың қажеті шамалы. – Неге олай дейсің? – Көзің жақсы көрсе болды емес пе?..

Профессор мен студент

Сессия кезінде студент профессорға: – Ағай, бес мың теңгеге бес қойып беріңізші. Профессор: – Рахмет, екі мың да жетіп қалар...