Дүние және дағдарыс
Дүние және дағдарыс
Қазір бұл елде мектептерде бос орын жоқ. Жергілікті кеңес басшылары оқу ордаларындағы орын тапшылығын тұрғындар санының шектен тыс өсуімен байланыстырады. Мамандардың айтуынша, бұған негізінен үш фактор себеп болған көрінеді. Біріншіден, медицинаның дамуы әйелдердің жасына қарамай балалы болуының мүмкіндігін жоғарылатып отыр. Екіншіден, иммигранттардың шектеусіз ағылуы, үшіншіден, жаңа мектептердің салынбауы ахуалды мүлдем қиындатып жіберген. Егер жағдай дәл осылай жалғаса беретін болса, 2023 жылға қарай мемлекетке қосымша 880 мың оқу орнын қамтамасыз ету үшін құрылысқа 12 миллиард фунт стерлинг қаржы қарастыруына тура келеді. Siemens 7 мыңнан астам қызметкерін қысқартады Немістің Siemens өнеркәсіптік конгломераты бүкіл әлем бойынша 7 800 қызметкерін қысқарту туралы жоспарын жария етті. Бұл – барлық штаттың шамамен 2 пайызы. Германияда шамамен 3,3 мың қызметкер жұмыссыз қалмақ. Шамамен 1 млрд. еуродай қаражатты үнемдеуге бағытталған қайта құрылымдау туралы 2014 жылдың мамырында айтылған, деп жазады Би-би-си. Мың еуро төлесе, елге қайтпақ Нәпақа іздеп елден әлдеқашан кетіп қалған латвиялықтар Отанына қайта оралуға дайын. Тек бұл үшін тұрақты жұмыс ұсынып, тым құрығанда мың еуро жалақы төлесе дейді олар. Латвия университетінің социологтары мен философтары жүргізген сауалнамаға қатысушылар осылай деп жауап берген. Латвиядан өзге елге кетіп жатқандар болашақтарына алаңдайтындықтарын айтқан. Олар Отанында өздерінің келешегінің қандай болатынын елестете алмайды екен. Басты мақсат – жақсы жалақы алатын жұмыс істеу, тұрмыс жағдайын түзеп, несиеден құтылу. Институт мамандары сауалнамаға қазіргі кезде 118 елде тұрып жатқан 14 мыңнан астам латвиялықты тартқан. Грекияның еуроаймақтан шығуы – шарасыздық АҚШ-тың Федералдық резервтер жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспен Грекияға еуроаймақтан шығудан басқа жол қалмағанын мәлім етті. Гринспеннің айтуынша, Грекияның солшыл үкіметінің қарыздарды төлеу шарттарын қарауға тырысатын басқа жолы жоқ. «Мен Грекияның еуроаймағына қатысуы көмектесетінін көріп отырған жоқпын және, әрине, мен басқа еуро елдеріне тиімді болатынын да көріп отырған жоқпын», деп атап көрсетті ол және қазір «бөліну – ең дұрыс стратегия» дегенді де айта кетті. Сонымен қатар, Федералдық резервтер жүйесінің бұрынғы төрағасы Грекияның валюталық одақтан шығуы Еуропаның қаржы нарықтарында тұрақсыздық туындататынын ескертті. ЕО және Еуропалық орталық банк Грекия қарызын есептен шығаруға немесе қайта құрылымдауға қатыспайтындықтарын мәлімдеді. Германия канцлері Ангела Меркель де Грекия берешегін есептен шығару мүмкіндігі жоқ екенін алға тартты. Осыған байланысты талдамашылар Грекия дефолтқа ұшырап, еуроаймақтан шығуы және ұлттық валютаға оралуы мүмкін деген пікір айтады. Грекия көктемде ақшасыз қалуы мүмкін Грекия үкіметінің тағдырына қатысты мына бір жағдай да әлемде қызу талқылануда. 25 ақпанға қарай Грекияның ақшасы таусылуы мүмкін. Бұл егер несие берушілер қысқаша уақыттық алыс-берісті көтермесе орын алуы мүмкін жағдай. Қазіргі кезде Грекияда ресми несие берушілердің қысқа уақыттық облигацияларына орнатқан лимиті 15 миллиард еуроны құрады. Егер лимит көтерілмесе, үкімет 25 ақпанда қаражаттың жетіспеуі жағдайына ұрынуы мүмкін. Шығындарды қысқарту жағдайында үкімет тағы бірнеше апта жүре алады. Бейсенбі күні шектеуді көтеру мәселесі Грекияның Қаржы министрі Янис Варуфакис пен неміс қаржы министрі Вольфган Шойбленің кездесуінде талқыланады. 4 ақпан күні Еуропалық орталық банк 11 ақпаннан бастап Грекияның несиеге кепіл ретінде ұсынып отырған мемлекеттік облигацияларын қабылдамайтынын мәлімдеді. Қаңтардың соңында Еуропалық орталық банкі егер Грекия өзінің экономикасын құтқару бойынша бағдарламасының қызметін жалғастырмаса, реттеуші елдің одан әрі несиелендірілуі тоқтайтыны туралы айтты. ҚАЗАҚСТАНДА... Қазақстан экономикасында өсім бар ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Былтырғы жылдың қорытындысын айтқанбыз, барлықтарыңызға белгілі. Жалпы алғанда дүниедегі дағдарысқа қарамай Қазақстанның экономикасы 4 пайыздан артыққа өсті. Басқа да шараларды қолдандық. Қазір, мінеки, дүниежүзілік экономика қиын-қыстау жағдайға тап болып отырғанын өздеріңіз көріп отырсыздар», – деді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшылардың жалақысын кемітпейтін болды Қарағанды облысы әкімдігі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Кәсіподақ арасында жұмыскерлердің жалақысын сақтап қалу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісі. Аймақ басшысы Үкімет көмегінің бірлесіп өткізген жұмысының арқасында компанияны қолдау бойынша шаралар қолданылғанын атап өтті. – Атқарушы органдар отандық тауар өндірушілерді электр энергиясы, тасымал тарифтеріне жеңілдік ұсыну, шикізат базасын жақсарту, қазақстандық үлесті көбейту арқылы қолдау көрсетеді, – деп нақтылады облыс әкімі. Өз кезегінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындардағы технологиялық процестердің қалыпты жұмыс істеуі үшін өндіріс параметрлерін анықтау, дайын өнімдерді сатуды ұйымдастыру, шығындарды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ақшалай қаражаттарды үнемдеуді өзіне міндеттеді. Өндіріс көлемінің төмендеуінен жұмыстан босатылатын қызметкерлер денсаулық жағдайы ескеріле отырып, қайта оқытылып, басқа жұмыс орындарына ауыстырылатыны қарастырылған. Кәсіподақтардың міндеттеріне әлеуметтік-еңбек жанжалдарына жол бермеу, еңбек ұжымдарында кәсіпорын әкімшілігі және мемлекеттік органдармен өткізіліп отырған өндірістік процестерді тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кіреді. Облыс әкімі сондай-ақ компания басшылығымен жалақының 25 пайыздық бөлігін төлеу бойынша келісімге келгенін хабарлады. –Біз бірнеше келіссөздер өткіздік, компания мүмкіндіктерді қарастырды. Бүгін «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның жұмыскерлеріне 2015 жылдың 17 ақпанына дейін жалақыны толық жүз пайыздық көлемде төлеу бойынша шешім қабылданды, – деді Н.Әбдібеков. Қазіргі кезде Қарағанды облысында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 178 меморандумға қол қойылған. Мұнай бағасы өсіп келеді Мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» қорының көбеюі оның құнының артуын шектеуі мүмкін. Мәскеу уақытымен сағат 07.22 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінде Brent маркілі мұнай баррелі 0,64% , яғни 59,93 долларға көтерілді. Наурыз фьючерстерінде WTI мұнайының бір баррелінің бағасы 1,21% - 51,09 долларға дейін өсті, деп жазды РИА Новости. Елдің Энергетика министрлігінің мәліметіне сай 30 қаңтарда аяқталған бір апта ішінде мемлекеттегі мұнай қоры 80 жылдағы ең жоғары деңгейге, яғни 413,1 миллион баррельге дейін көтерілді. Бензин бағасы тағы төмендеуі мүмкін Қазақстанда бензин бағасы бұдан әрі қарай арзандауы мүмкін. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті. «Бензин бағасының төмендеуі әбден мүмкін. Себебі, қазіргі кезде көптеп жиналған бензин толы ыдыстарды кейіннен жылдамырақ босату талпынысына алып келеді. Сонымен бірге, министрлік мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесінің көлемін төмендеткен жоқ және мұнай өндіретін компаниялар әзірге ішкі нарыққа жеткізетін көлем бойынша зауыттарға келісім аясында тасымалдап жатыр. Атап айтқанда, қоймалар толып қалды, сондықтан да бағаның бұдан ары қарай төмендеуі әбден ықтимал» деген пікірін келтіреді «Қазинформ» агенттігі.