«СТУДЕНТТЕР ҮЙІ» ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
«СТУДЕНТТЕР ҮЙІ» ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГИДРОКЕШЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАТАҚХАНА ҮЙІ ЖАҢАРТУ, ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫНАН КЕЙІН СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЙТА ЕСІГІН АШТЫ. Оның ашылу салтанатында университет ректоры Махметғали Сарыбеков: – Университетіміздің технологиялық және гидро кешендеріндегі, сондай-ақ, Қаратау филиалы жанындағы жатақханалардың барлығы күрделі жндеуден ткізілді. Бүгінде 880-ге жуық студентті жатын орынмен қамтамасыз етіп те отырмыз. рине, жатақханаларды жндеу университет үшін аз қаражатқа түскен жоқ. Елбасымыз жастардың бойында отансүйгіштік сана-сезімді қалыптастыру керектігін, олардың жай-күйі әркезде де назарда болуын ұдайы айтумен келеді. Шынында да, ең алдымен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, содан кейін ғана озық ойлылықты, отансүйгіштікті талап ету – міндетіміз, – деп оқу орнындағы білімгерлердің әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауып отырғанын жеткізді. Кптен бері қараусыздықтан тоза бастаған 180 орындық жатақхана жндеуден кейін секциялық нұсқаға кшіріліп, сыйымдылығы 190 орынға артқан. Мұнда, сондай-ақ, үш мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Ол ғаламторға қосылған. Жайлы блме, асхана, кір жуатын блме, кинозал, теннис корты – қысқасы, студенттердің тұрмысына, демалысына, жан-жақты білім алуына қажетті мүмкіндіктің бәрі де қарастырылған. Жатақханаға «Су шаруашылығы, экология және құрылыс», «Мұнай, газ және механика», «Заң» факультеттерінде оқитын, сабақ үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарда белсенді, асыраушысынан айырылған немесе кпбалалы отбасынан шыққан студенттер орналаса алады. Мұндағы орынның сексен пайызы су шаруашылығы мамандығы бойынша оқитын білімгерлерге берілмек. «Жаңа қонысқа орналасуға асығулымын. Жатақхана 45 секцияға блінген. Бір секцияда 2 және 3 орындық екі блмеден бар. Оларға жуыну блмесі ортақ. Сондай-ақ, тсек-орын жабдықтары түгел жаңартылған. Мұнда білімгерлерге бұрын-соңды болмаған жағдай жасалып отыр» дейді «Биология» мамандығы бойынша 3-курста оқитын Юля Ким қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап. Осы іске тікелей атсалысқан «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің деканы Нұрлан Омарұлы болса, жндеу жұмыстары бас-аяғы бес айға созылғанын айтып, білімгерлердің жақсы үлгерім, үздік білімдерімен бұл қамқорлықтың есесін қайтаратындығына сенім білдірді. ТарМУ басшылығы былтыр технологиялық кешендегі студенттер жатақханасын заманауи жабдықтап беріп, 465 білімгердің қуанышына ортақтасқан болатын. 3ңірдегі бірегей білім ордасы шаңырағында тағы да қуаныш. Қуаныш ұзағынан болғай!
Тараз қаласы.