«AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалына жаңа төраға сайланды
Шортанбай Ахан Амангелдіұлы «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезектен тыс XLVII (47) конференциясы өтті. Конференция делегаттарының бірауыздан қабылдаған шешімімен Шортанбай Ахан Амангелдіұлы «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.
Ахан Амангелдіұлы 1972 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан ауылында дүниеге келген.
2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті тәмамдаған.
Еңбек жолында Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Арыстанды орта мектебінде мұғалім, аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, сондай-ақ Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
2025 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Казфосфат» ЖШС «Қаратау тау-кен өңдеу кешені» филиалында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту маманы қызметін атқарып келді.