Қоғам

"Өз қолыммен жем беріп тұрамын":Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Іс басқармасының атқорасында тұрған сәйгүліктерін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Мемлекет басшысы Instagram парақшасында жариялаған постында мамыр мерекесінде уақыт тауып, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтқандығын жазған.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы арагідік жылқыларға өз қолыммен жем беріп тұратынын айтқан.