Саясат

Кеңес тақырыбы – татулық

Кеңес тақырыбы – татулық

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Басқосуға облыстық этномәдени бірлестіктер мен аналар кеңесінің мүшелері және түрлі ұлт өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта әрбір үйге, әрбір отбасына қазақстандық келісім мәдениеті мен бейбітшіліктің негізгі қағидаттарын жеткізу өте маңызды. Бұл шара кімнен болсын белсенді әрекетті қажет етеді. Аналар кеңесінің құрылғанына көп уақыт болмаса да қазіргі уақытта қарқынды жұмыс істей бастады. Жуырда оның белсенді мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен республикалық Аналар кеңесінің бірінші форумына қатысып қайтты. Олардың татулық пен ынтымақ, бейбітшілік, руханият және келісім мәдениетінің барлық халықты ізгі жолдарға біріктіретініне көздері жетті. Форумнан алған әсерлері де ерекше. Кеңес мүшелерінің айтуы бойынша, аналар кеңесі қайырымдылық мақсатымен көп балалы, жалғызбасты аналарға, жетім балаларға, мүгедектерге, басқа да панасыз жандарға моральдық және материалдық көмек көрсетеді. Оларға психологиялық көмек береді екен. Жалпы халықтық игілік болып табылатын тұрақтылықты нығайтып, отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өтеді деп жоспарланып отыр.

«Ақ жол – Ақпарат».